Аз қазақты "арабқұл" немесе "араққұл" деп бөлуге дəтім бармайды

Білетінім: бір құндылыққа бір құндылықты қарсы қою дұрыс емес. Аз қазақты "арабқұл" немесе "араққұл" деп бөлуге дəтім бармайды. Алайда, ағайын адамдардың екі бөлек көзқарас ұстанып, сол үшін бір-бірін түтіп жеуге дайын тұрғаны жанымды түршіктірді.
Пысы: Біз зайырлы мемлекетпіз. Елбасымыз құттықтап тұрған мемлекеттік мейрамда сол мемлекеттің тұрғындарының бір-бірін құттықтап, игі тілектер айтуының несі айып? Өз патшаңа бағын деген шариғатта да бар дүние емес пе?! (Ысырап, арақ-шарап ішу, от-шашу шашу əркімнің өз ісі, оның бұған қатысы жоқ). Адамзат өркениеті бойынша жыл ауысқаны, күнтізбе өзгергені шығар күндей шындық. Өз басым наурызда тал екпегенім сияқты шырша сатып алған жоқпын. Бала-шаға қызықтап бір шағын, жасанды шыршаны безендіріпті. Оған қуанбасам ренжімедім. Аяз атаға сенетін жастан кетіп қалғам. Арақ-шарапсыз дастарханда Елбасының құттықтауын тыңдадым. Ел аман, жұрт тыныш болсын деді ата-анам. Əумин дестік. Ағайын-туыстың есендігін білісіп, бір арқа-жарқа боп қалдық. Осында қандай бір бөтен діннің элементі, немесе өз дінімізге жат дүние бар?
Жалпы, Ел тұтастығы үшін мемлекеттік мейрамдарды лайықты ұлықтамаған, оған қарсы үгіт жүргізген азаматтарды Заңмен тыю керек шығар. Наным-сенім бостандығына селкеу түсірмес үшін азаматтардың пікіріне үнемі құлақ түремін. Рухани бағдар берер уағыздарына құрметпен қараймын. Дəл бүгін жəбірленіп отырмын. Мемлекеттің мейрамын даттап, өзгелердің конституциялық құқын таптауды доғару керек. Олар менің досым, бірақ мемлекет мүддесі қымбат!

Абылай Мауданов
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста