Ауадан ақша жасау деген – осы!

Соңғы күндері жақын танысып таңқалып жүрмін. 

Басында, қаржыгер мамандығында оқитын қарапайым студент жігіт. Медиа саласынан хабары жоқ. Күндердің күні ВК-ға тіркеліп, оқып жүреді. Өзі жаза бастайды. Сосын қызық дүние жазғысы келіп, топ ашады. Сосын елдің нені оқитынын зерттейді, атын өзгертеді. Оқырман саны арта бастайды. 
Қазір: әлгі топтың 600 мыңнан астам оқырманы бар. Топ деңгейін өскісі келіп сайт ашады. Оқырман әрине топтан келеді. ВК-дағы топтың атымен ашылған сайтына 10 мыңдай адам кіреді. Басқа ә/ж парақшаларына кіретіндер саны бар. Жарнама берушілер шыға бастайды. Басында мамандығы бойынша істеп көрген, кейін медиа бизнестің пайдасын көре бастаған соң, оны қояды. 
Ұлылардың суреті бейнеленген футболка шығара бастайды. Қазір жарнама, медиа саласында қызметтер көрсетеді. Табысы жаман емес. Менің сырттай бағалауымша мен сияқты орташа айлық алатындардың табысынан 5-6 есе көп. Интернеттің бір ғана адамға берген мүмкіндігі. Ауадан ақша жасау дейміз ба мұндайды? Әлгі вк топтың жастарға ықпалы кез-келген жастар ұйымдарынан күшті. Ғаламтор арқылы кәсіп істеуге болатынына айқын мысал. Мықты жігіт!

Ербол Азанбек
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста