Аталар үйретуге тиіс нәрсені мектеп түгендемей-ақ қойсыншы

Әр төртінші баланы шешесі жалғыз бағып отырған елде мектеп оқулығынан “Жеті атасын білмеген - жетесіз” деген мәтелді алып тастайтын кез келді деп ойлаймын.
О баста жеті атаның атын біліп қана қою емес, берісі жеті ауылды түгендеп жүру, ас пен тойдан қалдырмау, қиналса көмекке жету, жаугершілікте қорған болу - ер-азаматтың міндеті саналатын қауымдасып күн кешкен заманда актуал болған мәтел қазір тек балаларды кемсітуге себеп қана.
– Сонымен, балалар, "жеті атасын білмеген - жетесіз" деген мәтел бар, ертең жеті аталарыңды айтып келіңдер.
– Апай, мен жеті атамды білмеймін, мамам да білмейді, әкем жоқ. Сонда мен жетесізбін бе?
Осы диалогта мұғалім не деп жауап береді дейсіздер? Ана замандағы "жете" деген не екенін түсіндіріп беруге екі мұғалімнің бірінің өресі жете ме? Мен сенбеймін.
Ал балалардың логикалық түсінігі бірден қорытынды шығарады: "Мынау жеті атасын білмейді, демек жетесіз". Бала "жетесіз" деген не екенін білмесе де, әйтеуір өзі сияқты емес, ана бала "бірдеңесіз", демек мұның өзінен бірдеңесі кем.
Иә, бұл менің басымдағы проблема. Үлкен ұл бесінші сыныпта оқып жүргенде бір шығып еді, бүгін тағы да "мама, мен жетесізбін бе?" деген сұрақты естідім. Иә, жауап бере алмадым. кезінде балаларыма түбінде жеті атасын өзім түгендетуге тура келеді-ау деген нәрсе үш ұйықтасам түсіме кірмеген, кейін әкесіне "ойбай, өзің кетсең де жеті атаңды айтып кет" деудің немесе "немерелеріңізге жеті атасын үйретіңіз" деп, соны өзі ойламаған атасының алдына барудың тағы қисынын таппадым. Мен сияқты қатын - бәленбай миллион.
Оның үстіне, әулеттің ақсақалы беруге тиіс тәрбиені, аталар үйретуге тиіс нәрсені мектеп түгендемей-ақ қойсыншы осы. Адамның тегі - тым нәзік нәрсе. Мектепке барған бала - рудың, әулеттің өкілі емес, елдің кішкентай азаматы. Оған география, математика мен физика керек. Жеті атасын түгендеуді отбасына қалдырыңыз. Шешесі сәл саналы адам болса, бала ес білгенше бір амалын қылар. Өйткені баласы аталасының қызын алып қоя ма деген үрей жалғызбасты ананың бәрінде болмаса да көбінде бар. Біз ол жағын қадағалауға тырысамыз. Ондай болмаса, бала өскен соң әкесі өлгенде бір іздейді, сол кезде тауып алар. Әйтеуір, мектептің "жетесіз" дегенін естімей өссе болды.
Иә, айтпақшы. Сол "жетесіз" бала бағып отырған қатындардың бәрі сол балаларын жеті атасын білетін еркектен, әйтпесе тіпті жеті атасын білетін, тегін түгендеп жүретін, дастарханға бата беретін ақсақалдың ұлынан тапқан. Бірақ "мен жетесізбін бе?" деген сұрақты өзі ғана естиді.

facebook.com парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста