Арабтар бізге дінін үйретіпті, бірақ дозасын айтпапты. Орыстардың бізді араққа үйретіп, қалай ішу керектігін үйретпеген сияқты.
 
Осы себепті біздің елде жаппай дін құмарлықпен арақ құмарлық орын алуда. Әр нәрсенің өз дозасы, мөлшері бар.
 
Бір нәрсені білу керек! Адам қай дінді ұстанса да өз еркі делінгенімен сол дінге  басыңмен кіріп кет деген сөз емес. Біздің үкімет осы нәрсені дұрыс түсіндіруі керек еді және де ескеруі керек еді! Әлде өздері де  ескереді ме?
 
Кез келген дінді мысалға алып қараңыз!
 
Мысалы, Буддизм;  енді қараңыз!  Бүкіл халық будда мүсіні алдында, храмдарда, шаштарын тақырлап үстіне сары шүберек байлап құдай жағалап жүрсе, ел экономикасы көтерілермеді? Әрине, жоқ.
 
Христианға келейік. Көптеген еуропа елдері өздерін христиан санағанымен шіркеуге мүлде жоламайды, бірақ оны бір қасиетті орын санап қастерлейді. Дінге басымен кіріп кеткен шіркеу жағалап жүрген, діни жолға түскен еуропалықты көрсеңіз, бұл адам сізге түкке тұрғысыз монахтан басқа ешкім боп көрінбейді.
 
Ал енді түгел еуропалықтардың діндарлығын көз алдыңызға елестетіп көріңіз! Бұндайлардан  ғалым немесе мемлекет бюджетін көтеретін милиардердер шығама еді? Жоқ әрине.
 
Индуизм дініне келер болсақ, ол ұзақ әңгіме боп кетер.
 
Осылардың бәрін біле тұра, не үшін  біздің жастарымыздың мешіт медіресе жағалап тахуалық жолды таңдауына үкіметіміз жол беріп отыр?
 
Саясаттың сырын ашу керек!
 
Сәбит Шеркешбайұлы
 
 
 
Байсары Ахметжанов
Фейсбуатегі парақшасынан