Елде кризис дейміз, бірақ халықта ақша бар. Ақша жоқ деп шағым айтатын адамдардың көбі ақшаны қалай дұрыс жұмсау керек, қалай қадағалау керек екенін білмейді.
Мысалы, көп адам жақсы табыс табады, бірақ олардың бір-бірінен айырмашылығы, қанша табатынында емес, қалай жұмсайтынында.
Меніңше:
1) Ақшаны жақсы табады және ақшаны дұрыс жұмсайды. Яғни, әр шығыны тек нақты қажет нәрселерге жұмсалады және ақшасын еселеп көбейте алады. Дұрыс шығын жасауымен қатар, шағын инвестиция да жасай алады.
2) Ақшаны жақсы табады, бірақ ақшасы шығынынан аспайды. Шығынының жартысын дұрыс жұмсайды, жартысы қажетсіз заттарға кетеді.
3) Ақшаны жақсы табады, бірақ шығынын қадағаламайды. Сондықтан, үнемі ақшасы жетпей жүреді. Табысының көбі қажетсіз заттарға жұмсалады.
Сіз қай топқа жатасыз? Ақшаны дұрыс жұмсау үшін не істеу керек?
Неліктен адамдар ақшаны жақсы таба алады, бірақ шығындар мақсатсыз жұмсалады?
Нұржол Табиғат
Фейсбуктегі парақшасынан