Алақай ау, алақай, тауып алдым, малақай...

Осы бас киімді бұрын бас қалада ғана киетінмін.
Мұның қажеттілігі Аязтанада маңызды болғанмен, Алматыда шкаф ішінен шықпайды. Алдыңғы күні соның ішіне (“память” жағы шашылған) қауашағымды тығып алып, Астанаға ұшып бардым. Таңғы аяз - 33 градус екен. Дәл сол сәтте қарсы алушы мен бастағы малақайдан жақын “дос” жоқтығын ептеп түсінгендей боласың. Қысқасы, сол “досты” жеті сағат ішінде үш рет жоғалтып, жеке рекорд жасап үлгердім. Ұмытшақтық қой. Жүз жасқа қырық тоғыз жыл қалды, оңай дейсіз бе? Біріншісінде, “ҚазМедиа орталығындағы” “Сол ТВ-ның” бір кабинетіне тастап кетіппін. Екіншісінде, ғимараты оң жағалауда орналасқан “Ол ТВ-дағы” дәретхананың ішкі есігіне іліп кетіппін. Сыртқы аяз дереу есімді жинатты. Біреулер тауып, күзетшіге тапсырып кетіпті. Ризалығым мықты болғандықтан күзетшіге бар алғысымды білдіріп жатырмын. Оның бастығынан тележоба алғанда да мұндай жылы сөз төкпеген болармын. Бастың бостандығы мен бастың амандығын бірдей дәрежеде бағалау керек, негізі... Соны түсіндім.
Кешкі сағат 18.30-дар шамасы... Қалған-құтқан беделім әуежайға апарып тастайтын көлік табуға әлі де жетеді екен. Мұнда келсем, екінші қабатта Сібір барысы болып жүрген Арман Шураевты кездестірдім. Молдавияға барғалы жатырмын деп қояды. Осы бауырыма рахат, анда барады, мұнда барады. Романтика! Арекеңе аямай ақ жол тіледім де кезек аз кезде тіркелуден өтіп тастадым. Тіркеуші қызға 1993 жылғы ескі әзілімді айтқан едім, ішек-сілесі қатып мәз болды. Ар жағы түсікті шығар, жақсы орын берді. Салмағы өткізілуге "өте сұранып" тұрған жүгімді де өзіме қалдырды. Бұдан соң, "сырт киімсізденіп, белдіксізденіп, айфонсызданып" өзім де, чемоданым да, "сканерден" өттік. Бұдан соң, өзіңіз білетіндей ішкі зал... Бірдеңе тындырған адамдай маңғаздана басып келемін. Көңіл орнында, кездесетін кісілермен кездестім. Звондасатынымен звондастым. Бәрі жақсы, бәрі... Осы кезде бәрі керемет емес екені түйсікке жетті. Жаңа ғана қолымда тұрған малақай тағы жоқ. Қайтадан тексергіштерге баруға тура келді. Осылай осылай, "сканерден" өтерде бас киім қалып қойыпты. Обалы не керек, жауапты қыздар жүгіруін жүгірді. Бәйек болып жатыр. Тапқысы келді. Бірақ, табылмады. Мүмкін, тіркелген жерде қалған шығар, жіберіңдерші деп қоямын. Олар жіберуін жіберді, бірақ, чемоданымды қасына қалдыра тұруға рұқсат бермеді. Жоғалса ұят болады деп қояды. Ішкі залдан арқаланып, дорбаланып қайтадан шықтым. Көзім алақ-жолақ... Барған, тұрған, отырған, күлген, жүрген орынның бәрін адақтадым. Үшті күйлі жоқ. Көлікте қалған шығар десем, түсер кезде бас киімді болғаным анық есімде. Енді не істедім? Е, мейлі, деп қоямын ішімнен, енді Астанаға осы қыста бір ақ рет келермін. Ары қарай көктем де келіп қалды ғой. Суға шомылаған тауықтай болып, ұнжырғам түсіп, "сканерленуге" қайта келе жатырмын. Қазір тағы да "сырт киімсізденіп, белдіксізденіп, айфонсызданып" өзім де, чемоданым да, "сканерден" өтеміз.
Тағы нені ұмыттым деп ойланып қоямын. Айфонның зарядкасы ше? Телефонның қуаты отырып жатыр. Тоқтай қалып, чемоданым ашып, қарап жатырмын. О тоба... Малақайым соның ішінде екен. Әуежайға кіре сала "ыстығым тасып", чемодан ішіне салып тастағаным есте жоқ.
Елу деген осы екен...

Серік Абас-Шах
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста