Адам адамнан түрімен емес, жүрегімен ерекшеленеді екен-ау...

Такси тоқтаттым. Рөлде әйел кісі отыр екен. 1,5 км немесе жаяу жүретіндердің тілімен айтқанда 3 аялдама жердегі мекенжайға 300 тг ұсындым. Алдыңғы тоқтағандардың бәрі 500-600 теңгені сұрап, алмай кетті. Ал мынау әйел таксист бағаны келісіп алайын десем, тыңдамайды тіпті. Тіке: «Мін, отырсаңшы», деп бастап, 300 теңгені ұсынғанымда басын изей берді. Іштей жолай болды ғой деп ойладым.
Көлікке отыра бере сөз бастады: «Пәлен көше дедің бе? Ә, иә, мен ол жерді білемін. Осы жердікімін ғой, талай барған жер. Қазір мен бір көше айналып апарып тастаймын, өйткені алда жалғызбағытты жол. Онымен көлік әрі жүре алмайды», деп бір тоқтады. Қатты қашық емес жерге әдеттегіден көп сұрап, таксистердің қоғамдық көліктер тоқтаған карантинде құдайлары бергенін айттым. Ол: «Мен бос уақытымда осылай адамдарды тасимын. Өзім баға қоймаймын, сұрағанын аламын», деді. Отырғаныма 2-3 минут өтіп кетсе де көліктің айналасына сол сөзден кейін бажайлай қарадым. Өзім автомобильдердің маркасын танымаймын, сонда да қымбат машина екені көрініп тұр. Іштей «Жағдайы жақсы болса, неге такситлетеді екен? Қайырымдылық дейін десем, әйтеуір жолаушыдан ақша алады», деп ойлап үлгергенім сол еді, рөлдегі әйел ойымды оқып қойғандай:
–Мен адамдарды тасығаннан түскен ақшаға құрылыс жүргіземін. Менің балам – мүгедек. Апарып емдетпеген жерім жоқ. Ақыры Құдайға: «Баламды осылай жараттың ба? Ендеше маған сол сынақты көтеретін күш-қуат бер!», дейтін болдым. Осыған дейін мүгедек балаларға арнап монша салдырдым. Қатарынан кем өскен перзентімнің алдындағы аналық парызымды осылай өтегім келді. Қазір енді мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына арнап мешіт салдырып жатырмын. Соларға ыңғайлап жасасам деймін. Ал осылай адам тасып тапқан ақшаны сол құрылысқа жұмсаймын. Құдай жеткізсін! Осы балам үшін жақсы қызметімді де тастадым. Жекеге кеттім. Мемлекеттік қызметте жүріп балама қарай алмайтыным анық еді, – дей бергенде келіскен жерге де жеттік. Каспиіне айтылғаннан артықтау аударып жібердім, алғысын айтып әлек.
«Мұндай ерекше балаларды қарапайым моншаға да апара алмайсың, қандай жақсы», деп ойладым. Бәрінен бұрын ананың жүрегін айтсаңызшы, алай-түлей күй кешіп түссем де, қамқорлығына алған талай балалар көз алдыма келгенде, жүрек бір сәт тыныштық тапқандай болды. Адам адамнан түрімен емес, жүрегімен ерекшеленеді екен-ау...

Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста