Адал дос

Бала кезден бірге өскен екі жігіт болыпты. Бірі - бай, бірі - кедей екен. Олар өте жақын достар екен. Бір күні бай жігіт, өзінің келіншегімен мейрамханаға барады. Олар отырған үстелге ішімдікке сылқия тойған мас кісі келіп, мазаларын алып, келіншегіне тисе бастайды. Бұл көріністі жақтырмаған бай жігіт, мас адамға пышақ сұғып алады. Мас адам, сол жерде көз жұмады. Не істерін білмей, абдырап қалған жігіт, өзінің кедей досына телефон шалып, тезірек жетуін өтінеді. Досы мейрамханаға тез жетеді. Көп ұзамай бұл жерге Полиция да жетеді. Кедей дос барлық кінәні өзіне алады. Сөйтіп, 20 жылға сотталады. Темір торда көп отырып жалыққан жігіт, түрмеден қашып бай досының үйіне келеді. Есігін қағып тұрса, бай досы есікті ашып оны қуып жібереді. Досының бұл ісіне түсінбеген кедей жігіт: "Құдай бәрін де көріп тұр! Құдай - әділетті" дейді де өз жөнімен кетеді. Баратын жер таппаған кедей жігіт, бір саябақта отырғанда бір қарт кісі келіп, оған үлкен қапшық тастап кетеді. Кедей жігіт ештеңе түсінбейді, сөйтіп қапшықты ашып көреді. Қапшық миллиондаған ақшаға толы екен. Ол ақшаға үлкен үй, авто-көлік сатып алады және өзінің аты-жөнін ауыстырып жаңа құжат алады. Көлігімен келе жатып, сұлу бойжеткенге кезігеді. Ол өте керемет сұлу екен. Олар танысады, дос болады және біраз уақыттан соң қыз, жігіттің үйіне бірге тұруға келеді. Бір күні үй есігін қартайған кемпір қағады. Ол кемпір, жігіттің үйінде тегін жұмысшы болуға сұранады. Бірақ, жігіт үй күтушінің бар екенін айтып, кемпірді шығарып салады. Көп ұзамай жігітпен қыз үйленеді. Тойға бай досын да шақырады. Той өте көңілді өтіп жатқанда, бай досы микрафонды алып:
- Бауырым, есіңде ме, біз қандай жақын дос едік? Есіңде ме, мен бір кісіні өлтіріп қойдым, ал барлық кінәні сен өз мойныңа алдың? Оның бәрі менің есімде! Бауырым, бір күні сен менің үйіме келгенде, мен сені қуып жібергенім есіңде ме? Неге қуып жібергенімді білесің бе? Ендеше біліп жүр бауырым, дәл сол күні менің үйімде полициялар бар еді, олар сені іздеп жүрген болатын! Ал, бір қапшық ақшаны тастап кеткен қарт есіңде ме? Ол менің - Әкем! Ал, бір күні сенің үйіңе тегін жұмыс жасауға келген кемпірді білесің бе? Ол менің - Анам! Ал бүгін сен үйленіп жатырған бойжеткен, менің - қарындасым! Ендеше есіңде сақта бауырым, мен саған ең қымбат жандарды бердім! Олар менің - өмірім! Мен саған бүкіл өмірімді арнадым! Бақытты бол бауырым! Деген екен.
Аліби Манаш
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста