Абайдың қанша әйел алғаны, не ішкені, не кигені маңызды емес. Не айтқаны маңызды

Мен 11 жыл бойы Абай атындағы лицейде оқыдым. 11 сыныпқа дейін Абай оқуларына қатыстым. Өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін жаттадым. Шынымды айтсам сол сәтте мен Абайдың қазаққа не айтқысы келгенін нақты түсінбедім, әлі де толық түсіндім дей алмаймын. Абайды түсіну үшін білім ғана емес, жүрек, терең ой, ақыл қажет. Ол уақытпен келетін дүние.

Абай мен үшін терең тұңғиық. Өте терең. Мариан шұңғымасына жетуге болатын шығар, бірақ Абай ойының тереңдігіне жете алмайсың. Қазіргі уақытта Абайды "отарлық саясатқа үлес қосқан", "Абай орыс идеясын тықпалаған", "ол ұлт сатқыны" деген сынды сөздерді естіп қаламыз. Соны естігенде, қарным ашады. Абайша айтқанда сөз ұқпайтыннан күнде жеңілеміз.

Айналайын-ау, сен Абайдың заманына 2 ғасыр өткен соң, қазіргі заманның түсінігімен қарағаның қалай? Әрине, Абай сол уақытта орысты қазаққа үлгі етеді. Оған таңданып, кінәлаудың қажеті шамалы. Ресей империясы ол уақытта ғылым мен білімі дамыған, әскери қуаты орасан, барлау және жаулау экспедициялары күн сайын бір елді алып жатқан, кітап баспасы алға қойылып, шығармалар мен әлемдік туындылар жазылып жатқан еді. Оны көрген Абай әрине үлгі етеді, қазақтың сондай болғанын қалады. Басқа кімді үлгі етеді, соны айтшы. Абайда біз сияқты интернет болған жоқ, 230 елдің арасынан таңдау жасайтын. Абайдың таңдауы аз еді, сол аз таңдаудың арасынан үлгі етуге лайық деп Ресейді таңдады. Басқа кімді таңдайды? Есек мінген сартты ма, белгісіз болған Қытайды ма, қауын-қарбыз еккен өзбекті, түйе баққан түркіменді ме? Бәрі де жақсы ұлттар, бірақ бұлардың бірде-біреуінде Ресей сияқты қуат та, ғылым да жоқ еді.

"Орысты сүйді, жақсы көрді" деп ойлайсың ба? Жоқ әрине. Қазір біз мүмкіндік көп уақыттамыз. Мұхиттың ар жағындағы АҚШ-ты, Жапонияны үлгі етеміз, бірақ ағылшын мен жапонды сүйе жақсы көрмейміз ғой. Бізге оның дамуы, ғылымы, білімі ұнайды, халқының қара сипаты емес.

Абай сол уақытта Англияны жақсы білгенде, ол сөзсіз содан үлгі ал дейтін еді. Сөзсіз. Сондықтан қазаққа батыра айтқан, арасында сынай түйреген сөздерін, "қазақты жек көру" деп түсіну жұмсарта айтқанда ақымақтық. Ол қазақты мақтап та, даттап та қамшылағысы, ғылым мен білімге бет бұрдырғысы келді. Абайдай қазақты сүйген ешкім жоқ. Оның іші толы мұң еді. Ұлтын, халқын ойлағаннан.
Абай қазақты жек көріп, орысты пір тұтса, орысқа өле-өлгенше күресіп, қасқырша қасарысып өткен ұлт көсеміміз Әлихан Абайды жан-тәнімен жақсы көрмес еді. Әлекең Абайды ұлықтап өтті.

Абайды сынауға бола ма? Әрине болады. Абай да адам. Бірақ Абайды сынау үшін Абай сияқты өрең болуға тиіс, ондай өре сізде де, менде де жоқ. Бар болса осында уақыт жібермей, сол сәтті бір пайдалы іске арнар едік қой. Абайды үстел үстінде, шәй ішіп отырып, бір сайттан бір мақала көріп қалып, сол бойынша сынай салам дейтіндей ол Балтабек емес. Ол Абай, АБАЙ!

Абайдың өмірінде қанша әйел алғаны, не ішкені, не кигені маңызды емес. Не айтқаны маңызды. Сондықтан бос мылжыңды қоялық. Өзі қазақта басын бұлт баспаған шың аз еді, оларға да тас лақтырып әлекпіз. Әр алыптың өз орны бар, оларды бір бірімен салыстыру қателік. Біреуді көтеру үшін, екіншісін түсiруге тырысу ақымақтық. Ұсақталмайықшы.

Хәкім Абай әлі талай ғасыр қазаққа азық болады.

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста