3 рет үйленген жігіттің әңгімесі:
- Мектепте жүргеннен бай-бағлан бастықтың қызына ғана үйленуді мақсат еттім...
Құдай тілеуімді берді.
ОҚО-ы ең бір атақты әулеттің қызына үйлендім.
Қайын атам үлкен дөкей, оның ағасы атақты жазушы ...
Бірақ бай қызының шолжаңдығы шектен шықты. Іштен шыққан баласына қарамайтын. Менің туыстарымды адам орнына санамады..
Ажырасуға тура келді..
Енді құдайдан кедейдің қызын сұрадым...
Жаратқан тілеуімді берді..
Тракторшының қызына үйлендім.
Бірақ, тағы мүлт кетіппін.
Кедейдің қызы табысымды тышқаншылап, төркініне тасып, үйімде береке болмады. Анда-санда қыдырып келетін шешеме жөндеп шәй бере алмады. Өздеріңіз білесіз, ол кезде зауыттың Бас инженері едім...
Біраз жыл салт жүріп, Жаратқаннан анамның тілін табатын қыз сұрадым...
Жаратқан тілеуімді тағы берді....
Алла тағаламызға мың да бір шүкір...
(Қалада туып-өсіп, орысша оқып өскен жігіттің сөзін қазақшаладым
Жігіт бөтен емес. Досымның туған інісі).
Өмір Шыныбекұлы
Facebook-тегі парақшасынан