«Жирона» шабуылшы «Реал» қақпасына төрт гол соқты

Футболдан Испания чемпионатының 31-турында «Жирона» өз алаңында Мадридтің «Реалын» қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Төрт голды да «Жиронада» ойнайтын аргентиналық шабуылшы Валентин Кастельянос соқты.

 

В.Кастельянос 12-минутта есеп ашты. 12 минуттан кейін есепті 2:0-ге жеткізді. 34-минутта «Реалдан» бразилиялық Винисиус Жуниор есепті қысқартты. Әйтсе де 46-ыншы және 62-минутта Мессидің отандасы тағы да мергендігімен көзге түсті. 85-минутта «Реалдан» испаниялық Лукас Васкес матчтың нүктесін қойды.

 

Бұдан бұрын «Реалдың» қақпасына 2012-2013 жылғы маусымда дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Роберт Левандовский Чемпиондар лигасының жартылай финалында төрт гол соққан еді.

 

Ал Испания чемпионатында ХХІ ғасырда В.Кастельянос «Реалмен» ойында покер авторы атанған бірінші футболшы болып отыр.

 

Испания біріншілігінде «Реал» 65 ұпаймен турнир кестесінде екінші, ал «Жирона» (41 ұпай) тоғызыншы орында тұр.

 

«Реалдан» бір ойыны кем «Барселона» 76 ұпаймен жекедара көш бастап келеді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста