Монреальда өткен бокс кешінде бокс жанкүйерлері күтпеген нәтиже тіркелді. Маңызды жекпе-жектің бірінде фаворит саналған боксшы бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды.
Канадалық боксшы Ив Улисс (кішісі) (22-3, 12 КО) супер жеңіл салмақта (- 63,5 кило) мексикалық Габриэль Валенсуэламен (26-3-1, 16 КО) жұдырықтасты.
Шаршы алаңдағы шайқаста канадалық айқын фаворит саналған.
Алайда кездесу басталысымен аперкот және андердог соққыларын сәтті орындаған мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді.