«Тараз» футбол клубы 600 миллионның есебін бере алмай отыр

«Тараз» футбол клубы 600 миллион теңгеге жуық қаражаттың есебін бере алмай отыр. Жамбыл облыстық тексеру комисиясының мәліметінше, мекеме осыншама қаражатты негізсіз жаратып жіберген. Енді бұл сома жыл соңына дейін бюджетке қайтарылуға тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Асылхан Шаймерденов, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі:

 

- Соның ішінде 576 миллилн Түркиядағы оқужаттығу өткізгені бойынша шықты. Содан бәрі шықты, тамақтану, авиарейс, ұшып-қону, келу, жататын жер төлеуі бар.

 

Жалпы саны аймақтағы 36 спорттык мекемеге аудит жүргізілген. Олқылықтарға жол бергендердің көшін «Тараз» футбол клубы бастап тұр. Мекеме басшылары екі жыл бойы өзіне тиесілі қаражатты оңды-солды жаратып, енді есебін бере алмай отыр. Анығы, клуб қызметкерлерінің сыйақы мен іссапар шығыны артығымен төленген. Тіпті шетелде бірнеше мәрте өткен оқу-жаттығу жиындарына барған легионерлерге келісімшартсыз ақша берілген.

 

Алайда клуб басшысы бұл тексеру қортындысымен мүлдем келіспейді. Әрі бұл жағдай бұрынғы басшысының кезінде болған деп түсіндірді.

 

Жандос Ахметовтың сөзінше, қазір клубтың 400 миллион берешегі бар. Оны жыл соңына дейін қайтарамыз деп сендірді. 

 

Жандос Ахметов, «Тараз» футбол клубының директоры:

 

- Жоқ мұнымен келісе алмаймыз. Бірінші кезекте, бұл қарыз кредиторлық берешек 2021 жылы пайда болған. Мақсатсыз емес, бірінші жағдай, үлкен жалақы берілген. Не үшін пайда болғаны, ол үлкен жалақылар берілген. Іссапар бар. Біраз қарыз содан жиналған. 610 миллион дегенге келісе алмаймыз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста