Словакия футбол одағының сайты Ұлттар лигасында Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы алдағы ойынның қызықты мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Алаң иелері психологиялық қадам жасады. «Қазақстандық шкртел» атанған Юрий Логвиненко бұған дейін жарақатына байланысты алаңға шықпаған, бірақ жексенбі күні командаға қосылды.
Ол ойнамауы да мүмкін, бірақ бапкер Әдиевке көмек қолын соза алады», - деді қазақстандық футбол сарапшысы Михал Хиппан.
Сондай-ақ ол отандық журналистерден матчқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуы мүмкін деген ақпарат алғанын мәлімдеді.
«Сондықтан қауіпсіздік шаралары барынша жоғары ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан С3 тобында жеті ұпаймен көш бастап тұр, ал Словакия алты ұпаймен екінші орында тұр.