Forbes журналы 2020 жылғы әлемдегі ең көп тапқан футболшылардың тізімін жариялады.
Тізімнің көшін "Барселона" шабуылшысы Лионлеь Месси бастап тұр. Аргентиналық шабуылшының бір жылдағы табысы 126 миллион доллар болыпты. Оның 92 миллион доллары таза жалақы болса, 34 миллионды ол жарнамадан тауыпты.
Екінші орынға туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Португалиялық футболшының табысы - 117 миллион. Бұл табысты 70 миллоны Роналдуға жалақы арқылы түссе, 47 миллион жарнама арқылы келген.
Үздік үштікті "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Неймар түйіндеді. Оның табысы 96 миллион доллар.
Үздік ондыққа кірген футболшылардың тізімі мынадай:
4. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 42 миллиона доллар)
5. Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37)
6. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 34)
7. Антуан Гризманн ("Барселона", 33)
8. Гарет Бэйл ("Реал", 29)
9. Роберт Левандовски ("Бавария", 28)
10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед", 27)
Еске салайық, биыл Роналду табысы бір миллиард доллардан асқан бірінші футболшы атанды. 17 жылдық карьерасында ол 650 миллион долларды жалақы ретінде алса, қалғанын демеушілердің жарнамаларынан алған.