ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси карьерасын Англия чемпионатында жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Ole ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Кейінгі күндері аргентиналыққа әр жақтан бірнеше ұсыныс жасалды. Олардың бірі АПЛ клубы екен, алайда әзірге нақты қай команда екені айтылмады. Сонымен қоса, Мессиді "Әл-Хиләл" мен майамилік "Интер" өздеріне шақырып отыр.
Еске салайық, Мессидің ПСЖ-мен келісімшарты осы маусым соңында аяқталады. Ол париждіктер сапынан жазғы трансферлік кезеңде кетеді деген сыбыс бар.
Париждік клуб үшін 39 матчта Месси 20 гол салып, 20 ассист жасапты. Сонымен қоса, Лео ПСЖ-мен Франция чемпионы атанды.