ПСЖ командасының форварды Килиан Мбаппе Франция лигасындағы "Монпельеге" қарсы ойында жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап жазды.
Ойыншы 3 аптаға жуық емделеді. Бұл париждік клубтың Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Баварияға" қарсы алғашқы ойынына қатыса алмайды деген сөз.
ПСЖ мен "Бавария" арасындағы 1/8 финалдағы бірінші ойын 14 ақпан күні өтеді.