Бүгін Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жектері болып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
71 келіде өнер көрсететін Сабыржан Аккалыков финалда Нурислом Исмоиловпен алтынды сарапқа салды.
Екінші раундта Сабыржан қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, төрешілер жеңісті өзбек боксшыға берді.
Бұған дейін 67 келіде Абзал Серік өзбекстандық Бехзод Хамидовқа есе жіберген еді.