ҰБТ-ға дайындық кезеңінде өткізілетін психолого-педагогикалық шаралар мазмұны.

ҰБТ-ға дайындық кезеңінде өткізілетін психолого-педагогикалық шаралар мазмұны.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылар үшін ең маңызды кезең. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда жоғарғы оқу орнына ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар үшін өздеріне қажетті ұпай санын жинай алмау үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады.ҰБТ-ға дайындық көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде. Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды күйзеліске соқтыруы мүмкін. Кейде тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тесттің нәтижесінде ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.
ҰБТ-ның мақсаты мен міндеттерін басшылыққа алған Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарасты мектеп ұжымы оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда жан-жақты жұмыстар жүргізуде.Аталған аудан бойынша ҰБТ ұйымдастыру мен өткізу шаралары негізінде мектеп бітірушілер, мектеп ұжымы және ата- аналармен өткізілген семинар –кеңестерде жан- жақты ауқымды талқыланған мәселелер келешекте өз шешімін береді деп ойлаймын. Солардың бірі – оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау шаралары. Тестті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ, осындай психологиялық білім өте пайдалы. Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі. Осыған орай наурыз айында оқушылардың өз өтініштерін қабылдаған «Халықаралық білім беру корпорация» жоғарғы оқу орнында байқау-сынақ тест жұмыс жүргізілді, онда мектеп бітірушілеріміздің өзі тапсыратын оқу орнына кіріп-шығудағыдағы көріністе де алатын психологиялық әсерге дайындық жұмысы екендігін көріп, жинаған баллдарына әлі де болса дайындық керек екендігін айқындап қайтты.Олай болса, берілген тәлім-тәрбие, оқу-білім нәтижелі болмақ. Ата-ана үшін баланың бақытын көруден, ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Ал мектеп бітірушілерге ақ жол, сәттілік болсын – демекпін!

ҰБТӨОП №4 филиал жетекшісі Сыдықбекова Гүлнар Шәріпбайқызы


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста