2022 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2022 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мassaget.kz-ке сілтеме жасап.

"2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 61 мың грант бөлді. Ең көп грантты "Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы" білім беру бағдарламалары тобы алды, олардың саны — 17 794 грант. "Педагогикалық ғылымдар" — 10 810 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" — 9 103 грант, "Жаратылыстану, математика және статистика" — 6 288 грант. Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстардың үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды", — деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

 

Биыл магистратураға 13 мың, доктарантураға 1800 орын бөлінген.

 

Толық тізімді сілтеме арқылы таба аласыз:

 

Гранттар тізімі - 2022 қазақ тілінде

 

Гранттар тізімі - 2022 орыс тілінде 

 

Сондай-ақ тізім біздің Telegram-арнамызға жүктелген. 

 

Сондай-ақ, гранттар тізімі мен басқа да мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан және Telegram желісінен білуге болады.

 

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.

 

Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста