2015 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен ұйымдастыру

2015 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен ұйымдастыру

ҰБТ ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесіне сәйкес орнатылғанмерзімінде, маусым айының 1-15 аралығында республиканың облыс және аудан орталығында орналасқан 165 ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП)өткізіледі.
Тестілеуді өткізуді оңтайландыру және бітірушілер үшін барынша ыңғайлы жағдай жасау мақсатында 2015 жылы қосымша 10 ҰБТӨП ашылды.
Ағымдағы жылы тестілеуді өткізу форматының өткен жылдардағы тестілеуді өткізуден айырмашылығы болмайды.
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін шығармашылық мамандықтарына түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні - ерікті.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25, жалпы тест тапсырмаларының саны – 125. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді.
ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері жіберіледі. Ұлттық мектептердің (тәжік, ұйғыр, өзбек) бітірушілері ҰБТ-ға қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсыру арқылы қатыса алады.
Сондай-ақ, 2015 жылы тұңғыш рет 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бітірушілер ҰБТ-ға қатыса алады. Берілген санатқа арналған тест тапсырмалары 12-жылдық білім беру бағдарламасы негізінде жасалған.
Ағымдағы жылдың ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі - 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді. Көрсетілген мерзімде өтініш бермеген бітірушілер ағымдығы жылдың ҰБТ-ға қатыса алмайды.
Тестілеуге өтініштерді толтыру кезінде барлық бітірушілер техникалық хатшы берген келесі жадынамалармен қамтамасыз етіледі:
• бітірушіге арналған;
• ата-аналарға арналған;
• емтихан материалдарымен жұмыс істеутуралы;
• апелляцияға өтініштер беру және қарау барысы туралы.
Қазіргі уақытта барлық ҰБТӨП-де ағымдағы жылдың бітірушілерінің тестілеуге қатысу өтініштерін қабылдайтын және сканерлейтін «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Бітіруші» деректер базасын қалыптастырылғаннан кейін бітірушілерге тестілеу күні мен орны, емтихан басталу уақыты, тестілеу өтетін аудитория нөмірі көрсетілген рұқсаттамалар беріледі.
ҰБТ-ға қатысушылар ҰБТӨП-не рұқсаттамада көрсетілген күні мен уақытында келуі керек және өзімен бірге тестілеуге рұқсаттама, жеке басын куәландыратын құжат және қара сиясы бар қаламсап алып келуі керек. Өзімен бірге аудиторияға шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын, модемдерді (мобильді роутерлерді), ноутбуктарды, плейерлерді кіргізуге рұқсат етілмейді.
Министрлік өкілдің аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған мектеп бітірушіні аудиториядан шығару және оның тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылдауға құқығы бар. Осыған қоса, бітіруші ағымдағы жылы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айрылады.
Тестілеу нәтижелері емтихан болған күнде көпшілік назарына дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомосын ҰБТ тапсырылған жерлерде ақпараттық стендтерде ілу арқылы хабарланады. Осыған байланысты, тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтындаwww.testcenter.kz) ҰБТӨП-де емтихан жұмыстары өңделгеннен кейін орналастырылады.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда ҰБТ-ға қатысушылар тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш беруге құқығы бар.
Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
Апелляция рәсімі біткеннен кейін сертификаттарды дайындау және баспаға шығару жұмыстары жүргізіледі. Сертификатта ҰБТ шеңберінде тапсырылған әрбір пән бойынша балдары көрсетіледі.
Қазіргі уақытта тестілеуге дайындықтардың бірнеше әдісі бар, соның ішінде қажетті пәндер тізімі бойынша байқау сынақтарынан өту, сондай-ақ барлық пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылған оқу-әдістемелік құралдарды қолдану.
Байқау сынағы бітірушінің ерікті түрде қатысуымен өткізіледі. Сынақ барлық қатысушыларға өз білім деңгейлері мен алдағы тестіленуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Байқау сынағы ҰБТ кезінде жасалынатын жағдайларға барынша жақын етіп, ҰБТ өткізу технологиясының барлық талаптарына сай етіп өткізіледі. Байқау сынағы бір бітірушіге арналған жеке түрде, сондай-ақ, білім беру бөлімі немесе ұйымының шаралар жоспарына сәйкес толық мектепке, ауданға арналған жалпы түрде өткізіледі.
Ағымдағы жылда 172 560 оқу-әдістемелік құралдар мен 385 000 байқау сынағының кітапшалары (қосымша тағы 535 000 байқау сынағының кітапшалары дайындалуда) шығарылды. Оқу-әдістемелік құралдардың сатуын және байқау сынағын өткізуін Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары (тестілеу өткізу пункттері) іске асырады.
testcenter.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста