Жолдың жыры қашан таусылады?

Қазақстанда жол төсеуге, жыртық-тесіктерді жамауға бағытталған миллиондарды бір жылдан соң жаңбырдың суы ағызып әкетеді болмаса зілтабан «КамАЗдың» салмағына шыдамай өзі-ақ мылжа-мылжасы шығады.
Жол сапасының көрсеткіші жағынан әлемдегі 144 елдің ішінде 117-ші орында тұрмыз. Мәліметті Елбасының өзі жария еткен. Бұдан сырт жол жөндеу жұмыстары әлі күнге ескі тәсілдер бойынша жүргізілетінін, жол сапасын арттыруда жаңа технологияға назар аудару қажеттігін айтқан еді Президент. Бірақ бұл Назарбаевтың қырық жамау қазақстандық жолдарға қатысты айтылған алғашқы… және соңғы сыны емес.
Ал, бізді «Көлік және коммуникация министрлігі Президент сынынан қандай сабақ алып, қандай қорытынды шығарады?» деген сауал алаңдатады. Себебі, салада қаны сорғалап тұрған мәселелер көп.
«Откат…»
Жол құрылысындағы жемқорлықтың тамырын тереңге жібергені өтірік емес. Мемлекеттік тапсырысты ұтып алу мақсатында мердігер компания осы істің басы-қасында жүргендердің «мұртын майлауы» керек. Ал мұны «откат» деп атайтынын көпшілік жақсы біледі. Салдарынан нақты құрылысқа қаржының тамтұғы ғана жетеді. Ал әркім бір жұлып жегесін бөлінген қаржының да қадірі қалмайтыны белгілі.
Әйткенмен…
Жол сапасының төмендігіне өзге де фактордың әсері көп. Президенттің «біздің елде жол салу технологиялары өткен ғасырдың тәсілдері бойынша жүргізіледі» деуі тегін емес. Осы істің білгірлері: «Жолдың көбі сонау «сәбет» дәуірінде төселген. Қазір оларды жамағаннан пайда жоқ, қайта ескі технологияны модернизациялау керек. Бұрын жолдың негізгі – астыңғы төсенішін қара топырақтан дайындайтын. Топырақтың үстіне қиыршық және ұсақталған тас сеуіп асфальттайтын. Бұл технологияны әлі күнге қолданып келеміз.
Осыдан 20-30 жыл бұрын аталған әдіс тиімді болған шығар. Себебі, көлік саны аз болатын. Ал қазіргі күнгі транспорттық тасқынды өткенмен салыстыруға келмейді. Жеңіл көлікке белі қайыспағанмен, жүк көліктеріне ескі әдіспен төселген жолдар шыдас бермейді» дейді.
Министрлік не дейді?
Жол жөндеудегі кемшілікті бұған жауапты министрлік білмей отырған жоқ. Естуімізше, елдегі жолдың – 33 пайызының тозығы шыққан. Өйткені, 2001 жылға дейін аталған салаға бақыр тиын қаржы бөлінбепті. 2001-2009 жылдардың аралығында адам көргісіз күйге түскен жолдардың 2,5 мың шақырымы ғана жөнделген. Жөнделгенде… жаңадан төселсе бір сәрі, жыртық тесіктері ғана жамалған. Тек бертін ғана жол жөндеу жұмыстарына нақты назар аударыла бастады. Мәселен, былтыр 5,6 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, соның ішіндегі 2,3 мың шақырымы қайта төселген. Сосын былтыр Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай және Астана – Павлодар жолдарының құрылысы басталған болатын. Бұдан сырт министрлік Астана – Қостанай – Челябі бағытындағы халықаралық дәлізін жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жолдың «жауы» кім?
Біздің жолдың негізгі «жауы» – жүк көліктері екенін Көлік және коммуникация министрлігінің өзі де мойындайды. Өзінің «Твиттердегі» жеке парақшасында аталған ведомсвтоның бұрынғы басшысы Асқар Жұмағалиев: «Белгіленген салмақтан бірнеше есе артық тиейтін жүк көліктері жолды жапырып жібереді. Мұндай көліктерді анықтайтын арнайы транспорттық бақылау бекеттері бар, алайда олардың тиімділігі жеткілікті дәрежеде емес» деген болатын. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі әрбір 5-ші жол-көлік оқиғасы осы жол сапасының төмендігінен орын алады.
Сонда «жолдың жыры қашан таусылады?». Айталық, еліміздегі жол желісінің ұзындығы бар болғаны – 128 мың шақырым. Салыстырсақ, жер көлемі жағынан бізден әлденеше есе кіші Жапониядағы жол желісі – 1 млн. 210, Францияда – 951 мың, Испанияда – 681 мың және Германияда – 644 мың шақырымды құрайды. Әлемдік тәжірибеде жолдың сапасы 7 баллдық көрсеткішпен бағаланатыны белгілі. Осы көрсеткіш бойынша біздің жолдар – 2,7 балл деген баға алыпты…
Жолға бөлінетін қаржының мөлшері қанша?
…мардымсыз емес. Экс-сенатор Ғани Қасымовтың сөздеріне сенсек, бізде 1 шақырым жолдың құрылысына – шамалағанда 3,7 млн. доллар шығындалады екен. Ал дәл мұндай қашықтыққа Батыста, оның ішінде Финляндияда – 1,35 млн. доллар, Испанияда – 1,64 млн. доллар бөлінеді. АҚШ-та бір шақырым жол салуға бөлінетін қаржының мөлшері – 2,4 млн. доллар. Бұдан сырт, жол-құрылыс компаниялары жол төсерде аймақтың кли¬маттық және гидрогеологиялық ерекше¬лігіне назар аудармайды екен. «Олар жалпы жұмыс барысына да салақ қарайды. Ақшаны үнемдеу үшін арзан жұмыс күшін жалдайды. Ал аталған салаға өз ісін білетін білікті кадрды тартқан маңызды» дейді мамандар. Тағы бір айта кетер тұс, шетелде жолдар бетоннан төселеді. Біздегі жол құрылысындағы бетонның үлесі – 5 пайыз. Бұл бұйымның шыдамдылығы да жоғары болатынға ұқсайды. Айталық, біздегі асфальт жол әрі кеткенде 2-3 жылға шыдаса, бетон төсеніштердің ұзақтығы 10 жылға дейін жетеді. Оның үстіне асфальтті жол бетонмен салыстырғанда 1,5-2 есеге қымбат.
Ноу-хау немесе болашақта
Ендігі жерде құрылысы аяқталған жолдарды FIDIC халықаралық стандарттары негізіндегі арнайы инженерлік қызметі қабылдап алмақ (бұл жүйе бұдан бұрын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысында қолданылған). Сосын болашақта қазақстандық жолдар автоматты түрде басқарылады-мыс. Министрлік әр жолдың кемшілігі, ондағы транспорттық ағынның қозғалысы туралы ақпар топтастырылған, былайша айтқанда жолдар желісінің базасын жасақтайды. Ал біз жолдың сапасын онлайн режімде бақылайтын боламыз. Бұдан былай жол құрылысына жүрдім-бардым қараған инженерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ал жолдарда ауыр жүк көліктерінің салмағын есептейтін дарбазалар орнатылады. Десе де… асықпайық. Министрлік тарапынан жол сапасын жақсартуға бағытталған бастамалардың нәтижесі қандай болмағын уақыт көрсете жатар.
Қаржыпол мәліметі:
Былтыр бас-аяғы 370-ке тарта жемқорлық қылмыстар тіркелсе, соның 100-ден астамы құрылыс саласына және 50-ге жуығы тұрғын үй құрылыс шаруашылығына тиесілі болған.
Дерек пен дәйек
• Жол сапасының көрсеткіші жағынан Қазақстан әлемдегі 144 мемлекеттің ішінде 117 –ші орында тұр.
• Жолдың сапасы 7 баллдық көрсеткішпен бағаланатыны белгілі. Осы көрсеткіш бойынша біздің жол – 2,7 балл деген баға алған екен…
• Еліміздегі жол желісінің ұзындығы шамамен 130 шақырымды құрайды.
erkindik.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста