Жекешелендіруге сенімсіздік туа бастады

Жекешелендіруге сенімсіздік туа бастады

Жекешелендірудің меншік қатынастарын реформалау, яғни нарықтық экономикаға көшу екенін жақсы білеміз. Еліміздегі жекешелендіру науқанының бірнеше кезеңнен тұрғаны да баршаға мәлім. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңдегі (1991 — 1992 ж.) «Кіші жекешелендіру» бағдарламасы аясында сатылған мемлекеттік сауда және қызмет нысандарының үлесі 50 пайызды құраған болатын. 1993-1996 жылдар аралығындағы екінші кезеңде бес ірі өнеркәсіп саудаға түсіп, 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға өтсе, 44 кәсіпорын сенімді басқаруға тапсырылған-ды. Оның шетелдік инвесторлар еншісіне тигені - 12. Үшінші кезең, яғни 1997 жылдан басталған толқында отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салалары қамтылған еді.
Қай-қайсысын айт мейлі, бұрынғы жекешелендірулердің сынға алынбағаны жоқ. Барлығы дерлік күмәнді болып жатты. Мысалы, алғашқы кезеңдегі 126 балабақшаның (Алматы қаласында) тиын-тебенге сатылғаны жайында жиі айтылып жатыр. Араға жылдар салып, жекеге өтіп кеткен сол мектепалды мекемелердің төңірегінде үлкен дау туындағаны тағы бар. Құзырлы салаға соның 30-ын қыруар ақшаға кері сатып алуға тура келді. Жалпы алғанда, елде 800 балабақша салу керек болды. Бұған мемлекеттің бір өзінің мүмкіндігі шектеулі. Жоғарыда сөз болған нысандарды қайтарып алу мәселесі осыдан туындады. Есімізде, бұл мәселе парламентте де қызу талқыға түсіп, 47 депутат қол қойған сауал үкіметке жолданған еді.
1994-1996 жылдары жүргізілген жекешелендіру кезеңінде құны 12 миллиард теңгеге бағаланған мемлекеттік акция сатылса, сол қаржының қайда кеткенін тіпті үкіметтің өзі білмей қалса керек. Айта берсе, бұрынғы жекшелендіру кезеңдерінде осы сынды былық-шылықтар аз болған жоқ.
Қазір жекешелендірудің, мамандар айтпақшы, «жаңа дәуірі» басталды. Мұның бұрынғылардан айырмасы – активтер қор биржасы арқылы сатылмақ. Алайда «Неге шетелдік тәжірибеге жүгінбедік? Өркениетті елдердегідей жекешелендіру науқанына қоғамдық ұйымдарды тартсақ дұрыс болар еді. Ашықтықтың кепілі осы» дейді экономист ғалым Тоқтар Есіркепов.
Кемшіліктерге жол бермеуді ҚР Президенті Н.Назарбаев қатты тапсырды. «Жекешелендірудің қазіргі толқынындағы әрбір нысанның сатылуы ашық, транспарентті түрде жүзеге асуы керек. Халық білуге тиіс: конкурстың қалай өткенін, кімнің нені иеленгенін, кім не істеймін деп уәде еткенін. Мұның бәріне халық хабардар болуы керек. Қателіктерге бой алдырмаңдар. Бұрынғы жекешелендірудің қалай өткені белгілі, кімде билік болса, сол өзі таратып, өзі иеленіп кете берген. Қазір соның салдарынан заңсыз берілген жерді де, мүлікті де қайтарып алуға дейін барып жатырмыз. Бұл жағдай енді қайталанбауы керек. Бұл ретте біріншіден, мемлекет бизнестен кетеді, екіншіден, бұл нысандардың барлығы нарықтық ортаға өтіп, іскерлік ортаның белсенділігін арттырады. Жекешелендіру тиімді жүргізіліп, нысандар жақсы қолға өтсе, экономика да жеңілдеп, бюджетке де қаражат құйылады. Бұл - аса маңызды шара», - деген Елбасы Н. Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа жүгі ауыр жауапкершілік артып отыр. Министр өз кезегінде «жекешелендіру үдерісінің жариялылығы үшін арнайы вебпортал құрылғанын, сол арқылы ашықтық толығымен қамтамасыз етілетінін» айтты. Бірақ....
Міне, «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауда баса айтылған жекешелендірудің (2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспар бекітілді) науқаны басталғалы бері 50-ге жуық нысан сатылған екен, алайда сауда-саттық жайы халыққа беймәлім. Бақыт Сұлтановтың Елбасында айтқан уәдесі қайда? 10 қыркүйектегі нәтиже бойынша мәлімдеме жасаған ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов: «сатылған 43 объектінің 27-сі артықшылықпен сатып алу құқығымен конкурссыз сатылды. Сатып алушылардың 24-і жеке тұлға, 16-сы заңды тұлға, 1 резидент емес, 2 – жеке кәсіпкер болып табылады» дегеннен аса алмады.
Қазіргі кезде жауапты орындар сатып алушылардың аты-жөндерін анықтап жатқан көрінеді. Алайда, мұндай ақпаратты алу үшін сол сатып алушылардың рұқсаты керек екен. Ал олар құпия қалуды қалайтын сияқты. Тағы бір айта кетерлігі, сатылуға қойылған нысандардың ішіндегі әлеуетті дегендерге талас та жоқ емес көрінеді. Әлбетте, алпауыттардың жолы болады.
Әу дегеннен-ақ бұл бастаманың басының дұрыс болмай тұрғаны ел қалаулылары арасында да сөз болды, яғни сауда-саттықтың неге ашық айтылмай отырғанына наразы депутаттар жоқ емес. Депутат Н.Жазылбеков бұл жекешелендірудің де ашық өтетініне сенімсіздік танытып отырса, бір шикілік бар да...

Естеріңізге сала кетейік, жекешелендіру кестесіне сәйкес, 2014-2016 жылдары елімізде 853 нысан жеке секторға өтуі керек. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 295 кәсіпорынды құрамақ.
Жекешелендірудің мақсаты - экономикаға ақша тарту емес, жеке сектордың, әсіресе шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін арттыру. Ал аталған сектордың дамуы – ел экономикасы үшін тиімді. Қазір еліміздегі ШОБ-тың үлесі 20 пайызды құрайды екен. Ал «2050 Стратегиясы» аясында аталмыш көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Елбасы 2020 жылға қарай экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін 15 пайызға дейін төмендетуді тапсырып отыр. Сарапшылардың айтуынша, «бұл бастама құптарлық. Егер әділ өтсе, одан ұтылмаймыз, ұтамыз». Ал оның қалай өтіп жатқаны әлден күмән тудыра бастады. Он жылдан кейін, дәл қазіргідей әңгіме айтып жүрмесек болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста