Жеке тұлғалардың мүлік салығы

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

Жеке тұлғалар, яғни жылжымайтын мүлік салығын төлеушілер – Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрғын үй, саяжай, гараж немесе басқа да құрылыстар, ғимараттар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс нысандарына пайдалану мерзімінен бастап меншік құқығы бар жеке тұлғалар болып табылады.

Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік, саяжай немесе аяқталмаған құрылыс нысандары бойынша салық базасына салық салынатын нысандардың құны жатқызылады. Ол әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлік және онымен келісім құқығын тіркеуші саладағы өкілетті мемлекеттік орган тарапынан Салық кодексінің 406-бабында көрсетілген тәртіппен анықталады.

Mүлік салығын төлемейтін жеке  тұлғалар:
1) шұғыл әскери қызметтегі (немесе оқудағы) әскери қызметкерлер;
2) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, «Халық қаһарманы» атағын иеленгендер, үшінші дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталғандар, «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, «Алтын алқа» иелері, жалғыз тұратын зейнеткерлер – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті жылға бекітілген жекеменшік құқығындағы барлық салық салынатын нысандардың жалпы құнына қарай 1000 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
3)Ұлы Отан соғысына қатысқандар және оларға теңдестірілгендер, І және ІІ топтағы мүгедектер – республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген тиісті қаржы жылына жекеменшік құқығындағы барлық салық салынатын нысандардың жалпы құнына қарай 1500 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
4)Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі немесе мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының орден-медальдарымен марапатталғандар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес мерзімде қызмет еткендер, бірақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес одағының орден-медальдарымен марапатталмағандар – республикалық бюджет заңына сәйкес тиісті қаржы жылында бекітілген жекеменшік құқығындағы барлық салық салынатын нысандардың жалпы құнына қарай 1500 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Сондай-ақ 1) және 4) тармақтарда аталған жеке тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салынатын нысандары бойынша Салық кодексінің 58-бабымен бекітілген тәртіппен салық төлейді;
5) Жеке кәсіпкерлер өзінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын салық салынатын нысандары бойынша;

Салықты есептеу және төлеу тәртібі
Салық салынатын нысандар бойынша жеке тұлғаларға салық белгілеу салық мерзімінің 1 тамызынан кешіктірілмей, салық салынатын нысанның орналасқан мекені бойынша (салық төлеушінің мекенжайы қайда екеніне қарамастан) салық базасына сай келетін салық мөлшерлемесін қолдану тәсілімен белгіленеді.
Егер салық нысаны салық төленетін кезеңде салық төлеушінің меншік құқығында он екі айдан аз уақыт болса, салық мөлшерін он екіге бөлу (Салық кодексінің 1-бөлімінің 409-бабы) және оны жекеменшік құқығындағы ай санына көбейту арқылы есептеледі.
Жеке тұлғалардың ортақ меншігіндегі салық нысаны осы мүліктегі олардың үлесіне қарай белгіленеді.
Салық салынатын бірнеше нысан бір ғана салық төлеушіге тиесілі болса, онда салық әр нысанға жеке-жеке салынады.
Салық нысанының жойылуы, күйреуі, орнына жаңа нысан салу мақсатымен құлатылуы жағдайында салықты қайта есептеу өкілетті органдар осы жөнінде растайын құжаттар болған кезде салық көлемі қайта есептеледі.
Салық төлемі бюджетке есепті салық мерзімі кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмеуі тиіс.
Нысанды нақты пайдалану кезеңінде салық төлеуші төлейтін салық көлемі меншік құқығын басқаға ауыстырған жағдайда бюджетке мемлекеттік тіркеуге дейін немесе сол сәтінде төленеді. Бұл жағдайда бастапқы салық төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан меншік құқығын өткізген мерзімге дейінгі салық мөлшерін төлейді. Одан кейінгі салық төлеушіге меншік құқығы иелігіне өткен айдың басынан бастап салық органы тарапынан салық мөлшері көрсетіледі.
Салықтың жылдық мөлшері өзара келісім бойынша мемлекеттік тіркеу кезінде екі жақтың біреуі тарапынан төленеді.
Мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) жылжымайтын мүлікке меншік құқығы және онымен келісім бойынша салық нысанының құны мемлекеттік өкілетті органмен анықталмаса, алдыңғы салық мерзімі кезінде төленген сомаға қарай белгіленеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста