Қазақстан кәсіпкерліктің жаһандық апталығына дайындықты бизнес мектепті іске қосу мен жас кәсіпкерлер делегациясын Ливерпульдегі кәсіпкерлердің жаһандық конгресіне жіберуден, сондай-ақ «Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауына әзірліктен бастады.
Осыған орай кеше кәсіпкерліктің жаһандық апталығы (КЖА) қазақстандық өкілдігінің баспасөз мәслихаты өтті. Жастардың кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған осы халықаралық бастаманың өкілдері мен серіктестері жылдық жоспар жайында әңгіме өрбітті.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма мүшесі, басқарушы директоры Ғабит Лесбеков: «Бүгінгі жағдайда шағын бизнесті, әсіресе жастардың кәсіпкерлігін дамытуға айрықша мән берілуде. Дамыған және дамушы елдерде осы секторға жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту тұрғысынан басты рөл берілген. Сол себепті де «Даму» қоры жастардың кәсіпкерлігін дамытумен байланысты кез келген бастамаға қолдау көрсетеді. Мәселен, 2011 жылы Алматыда КЖА аясында қордың қолдауымен Жас кәсіпкерлердің форумы өткізілді. «Даму» қоры КЖА-ның «Бизнес мектеп» құру бастамасын дер кезіндегі ұсыныс санайды, өйткені өз кәсібін сәтті жүргізу үшін жастар арнайы кәсіби-оқытуға зәру», – деп атап көрсетті.
Ал кәсіпкерліктің жаһандық апталығының Қазақстандағы өкілі Павел Коктышев: «Форум өткізу тәжірибесі мен соның аясында жиналған 300-ден астам сауалнама, сондай-ақ жас кәсіпкерлер клубымен жұмыс бізге жастардың бизнес-білім алуға, еркін қарым-қатынас пен жас кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сенімдерін бекітуге мүдделі екендігін көрсетті. Сондықтан біз биыл қарашада мейлінше ауқымды әрі сапалы форум өткіземіз және сол жерде «Жылдың үздік жас кәсіпкері» сыйлығымен марапаттайтын боламыз. Бұл байқау жаңа қаһармандарды табу үшін қажет», – деді.
Сондай-ақ бизнес мектеп, кәсіпкерлік құлағдарлықты дамыту және бизнес құрудың технологиясын үйретудің инновациялық-ағартушылық жобасы іске қосылды.
Жастарды бизнеске бейімдейді
Последние статьи автора