Жаһандық әлемдегі дамудың қазақстандық жолы сараланды

Кеше ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Жаһандық әлемдегі дамудың қазақстандық жолы: философиялық-дүниетанымдық және әлеуметтік-саяси мәселелері» (2009-2011 жж.) бағдарламасының нәтижесі бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Институт ғалымдары бұл бағдарламаны атқаруда мынадай жайттарға назар ау­дарды: жаһандық әлемдегі Қазақстанның орнын және республиканың өз бірегейлігін сақтауын зерттеу; жаһандану жағдайында­ғы Қазақстанның ұлттық басымдылығы ре­тіндегі адами дамудың негізгі өлшем­дерін жасақтау; қазақ руханияты қалып­тасуы мен дамуының тарихи-философия­лық және этномәдени негіздемелерін зер­делеу; қазіргі қазақстандық қоғамның әлеу­меттік құрылымын зерттеу; қазіргі Қа­зақстандағы мәдени-өркениеттік үдеріс­терді философиялық-саясаттанулық тал­дау; жаһандану дәуіріндегі адам мәселесі бо­йынша Шығыс және Батыс филосо­фия­лық тәжірибелерін салыстырмалы сарап­тау; қазіргі рухани ахуал аясында қазіргі әлеу­меттік танымның ерекшеліктерін ай­қындау; рационалдықтың жаңа типте­рінің қалыптасуы мен қазіргі философиялық таным үлгілерін зерттеу; білімнің ғылыми және ғылыми емес формаларының өзара әрекетін, оның қазіргі жағдайдағы мә­се­лелері мен келешектерін анықтай оты­рып зерделеу; жаңа интегралды дүние­та­ным­ның қалыптасуы ауқымында әл-Фараби мұрасының негізгі идеяларын қай­та ба­ғамдау. 
«Жаһандық әлемдегі дамудың қазақ­стандық жолы: философиялық-дүниета­ным­дық және әлеуметтік-саяси мәселе­лері» (2009-2011ж.ж.) бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша екі монография жарыққа шықты. Бұл еңбектер «Жаһандық әлемдегі Қа­зақстан: замана талабы және бірегейлікті сақтау», «Тәуелсіз Қазақстандағы адами ка­питалдың қалыптасуы: әлеуметтік-фило­софиялық талдау» деп аталады. Сондай-ақ «Адам әлемі» – «Мир человека» журна­лының ар­найы саны жарық көрді.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста