ХАЛЫҚ ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ТҰРЫН ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Халық табысы, олардың деңгейі, құрылымы, алу көздері және дифференциация дәрежесі қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік жайлылықтың аса маңызды көрсеткіштері болып табылады. 

Табыстар адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізгі көзі болып табылатындықтан, олар аса кең ұғымдағы ядроны – халық өмір сүруінің деңгейін құрайды. Табыстар ұғымы астарында не жатыр, олардың түрлері және алудың негізгі көздері қандай екенін білу маңызды.
Халық табыстары - қаражатты ақшалай және заттай нысанда алатын жиынтықты көрсетеді, оны өмір сүрудің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету үшін қолданады.
Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде халық табысын қалыптастыру және қолдану процесі өзінше ерекшеліктерге ие. Нарықтық қарым-қатынасқа өту халық табысының бұрынғы табыстарын деформациялады: табыстың жаңа көздері пайда болды (кәсіпкерлік табыс, меншіктен келетін табыс), жеке көздерінің рөлі, халықтың түрлі топтары үшін оның мәні өзгерді.
Халық табысының түрлері алуан түрлі. Табыстар факторлық және факторлық емес болады. Факторлық табыстар өндіріс факторларымен анықталатын түрі болып табылады, оның негізгілері табиғат ресурстары (жер және барлық табиғи ресурстар); капитал; еңбек және кәсіпкерлік қызмет болып табылады.

Өндіріс ресурстарын фирмалардың басқаруына беретін үй шаруашылықтары еңбекақы, рента, пайыз және кәсіпкерлік табыс түрінде сыйақы алады. Осы төрт құраушы түр факторлық табыс деп аталады да, жиынтықта үй шаруашылығының табысын құрайды.
Табыстарды қайта бөлу механизмдерін қосу нәтижесінде факторлық емес табыстар қалыптастырылады және бұл жағдайда табыстардың жаңа түрі - әлеуметтік трансферттер (зейнетақылары, жәрдемақылар, стипендиялар) пайда болады.
Заттық нысан бойынша, табыстар ақшалай және заттай болып бөлінеді. Халықтың ақшалай табыстары, ол қызметкерлердің еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, түрлі жәрдемақы түріндегі ақшалай қаражаттың барлық түсімдері. Пайыз түрінде меншіктен түсетін табыстар, дивиденттер, ренталар, акция, құнды қағаз, жылжымайтын мүлік, мал, ауыл шаруашылық өнімдері, басқа да түрлі бұйымдарды және басқа да тауарларды және сатудан түскен т.б. ақшалай түсімдер.
Халықтың заттай табыстары – бұл жеке қосалқы және үй шаруашылығынан алынатын табыстар ғана емес, заттай нысандағы әлеуметтік көмек (азық-түлік, киімдер және т.б.), төленбеген төлем дағдарысы шарттарында өнім түрінде қызметкерлерге еңбек ақының заттай төлемі де болып келеді.
Жиынтық табыстар – меншік тұтынуға жеке қосалқы шаруашылығынан табиғи түсімнің құнын және әлеуметтік қорлар есебінен алынатын жеңілдіктер мен дотация құнын есептей отырып, барлық түсімнің көздерінен алынатын ақшалай табыстардың ортақ сомасы.
Бастапқы, қолдағы және түзетілетін табыстар. Халықтың бастапқы табыстары өндіріс факторына меншіктен алынған барлық түсімдер жиынтығы. Халықтың қолдағы табыстары бастапқы табыстарға қосылған трансферттер көмегімен және міндетті төлемдер мен салымдарды кемітумен есептеледі. Отбасы, үй шаруашылығы немесе бөлек азаматтар сомасы нәтижесінде алынған қаражат қолданыста болады, яғни, өз қалауынша қолдана алады: тұтынуға немесе жинауға жібере алады.
Қолдағы табыстар табиғи әлеуметтік трансферттер есебімен түзетіледі. Нәтижесінде түзетілген қолдағы табыс болып шығады.
Халық табыстарына сондай-ақ, қарызға алынған қаражаттар да жатады. Осыған байланысты қаражаттар халықтың түпкілікті және ортақ табысын бөледі. Халықтың түпкілікті табысы – бұл қолдағы табыс оған қоса халықтың таза қарыздары болып табылады. Халықтың ортақ табыстары түзетілген қолдағы табыстан және оған қоса таза қарыздан тұрады.
Халық табысына тұтынушылық құндар әсер етеді. Сондықтан, халық табысын талдаған кезде номиналды және нақты табыс деген ұғымдар қолданылады.
Номиналды табыс. Алу көздері бойынша кәсіпорынды тұтыну қорынан еңбекақы, салықтар мен төлемдерді төлегенге дейін және бағаның өзгеруіне тәуелсіз ақша табысының деңгейін сипаттайды. Салықтар мен міндетті төлемдерді төлегеннен кейін номиналды табыс қолдағы табысқа өзгереді.
Нақты қолдағы табыс халықтың ақшалай қолдағы табысқа сатып алуға болатын тауарлар санымен мен ақылы қызметтермен сипатталады. Нақты табыс тұтынушы тауарлар мен қызметтерге берілетін құн динамикасына байланысты болады.
Кірістердің қарастырылған түрлерінен басқа олардың классификациясының өзге түрін әкелуге болады. Еңбек және еңбектік емес табысты ажырату қажет. Жуырда ғана еңбек табысына мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындарда және ұйымдарда еңбек қызметі нәтижесінде алынған табыстар жатқызылған. Ресми мемлекеттік арналардан тысқары алынған табыстың барлық түрлері еңбектік емес деп сипатталған. Сол кезде, меншік пен шаруашылықтың алуан түрлі нысан шарттарында еңбек және еңбектік емес деп табысты бөлудегі бұрынғы әдісті қайта қарастыру қажеттілігі туындайды. Өнімді өндіру және халыққа қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік жеке еңбек қызметінен келетін табыстар сөзсіз еңбек негізіне ие, сол себепті, еңбек табысына жатады. Жеке қосалқы шаруашылықта өндірілген тауар өнімдерін сатқаннан кейін алынған табыстарға да осы нәрсе қатысты.
Еңбек табысы еңбек қызметімен байланысты болады (мысалы сыйақылар, кәсіпорындардағы әлеуметтік төлемдер), мемлекеттік бюджеттен және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардан (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, жеңілдіктер), ең соңында, азаматтардың меншігінен (дивиденттер, пайыздар, жалгерлік төлем, жеке қосалқы шаруашылықтан келетін табыс) алынатын табыстарды атауға болады. Бұл жағдайда табыстың негізгі және қосымша көздерін бөліп атауға болады. Қосымша табыс қаражаттың негізгі көзінен алынатын табыс (үйлестіре жұмыс істеу, мұрагерлік,бағалы қағаздар бойынша табыс және т.б.). Табыс алудағы қосымша көзге негізгі табыс жетіспегендіктен жүгінеді. Қосымша табысқа талпынудың тағы бір себебі, негізгі табыс қысқарғанда өмір сүру деңгейінің түсу қаупін алдын алу мақсатымен табыс көздерін диверсификациалау ниеті болып табылады.
Жариялылық дәрежесі бойынша жария және көлеңкелі табыс деп бөлінеді. Заңды жария табыстан ерекшелігі көлеңкелі табыс есептелмеген және құқыққа қайшы қызмет түрлерінің нәтижесі болып табылады. Көлеңкелі табысты екі үлкен топқа бөлуге болады: қылмыстық тектегі көлеңкелі табыстар (мысалы, есірткіні сатумен, контрабандамен, жемқорлықпен және т.б. байланысты) және экономикалық сипатқа ие табыстар – салық қызметтерімен есептелмеген, бірақ қызмет түрінің сипаты бойынша қылмыстық емес табыстар (мысалы, жасырын шеберханалар, лицензиясы жоқ сауда орындары және т.б.).
Ақша табыстарының аса маңызды көздері:
1. Жалданып істеген жұмыстан алынатын табыс, ақшалай түрінде еңбек ақыны төлеуден, өзге де ақшалай сыйақылардан, сондай-ақ, еңбекақыны заттай төлеудің ақшалай бағасынан тұрады.
2. Кәсіпкерлік табыс, ол қызметтерді орындағаны үшін кәсіпкерліктің сыйақысы болып табылады (еңбекті, капиталды, табиғи ресурстарды тауарлар мен қызметтер өндірісінің бірыңғай процесіне қосу; фирманы басқаруда шешім қабылдау; инновацияларды енгізу; тәуекел). Бұл табыс кәсіпкерлік табыстан алынатын жалпы табыс пен өндіріс шығындары арасында айырмашылық болып табылады, бұл жағдайда меншік өндірістегі тұтынатын өнімнің ақшалай бағалануы табысқа қосылады.
3. Өзін-өзі жұмыспен қамтудан алынатын ауыл шаруашылық табыс. Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) жеке және отбасылық табыстарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Күрделі әлеуметтік-экономикалық кезеңдерде ЖҚШ қоғамының дамуы халықтың кейбір топтарына табыстың негізгі көзі болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтудан ауылшаруашылық табыстың тауарлы және тауарлы емес (жеке тұтынуға арналған) нысанын ажырату қажет. Осы табыстың түрі ауыл шаруашылық қызметтен алынатын жалпы табыс (өнімдерді сату көлемі және тұтынған өнімді ақшамен бағалау) пен өндіріс шығындары арасында айырмашылықты көрсетеді.
4. Меншіктен алынатын табыс (рента, пайыз, дивидендтер және т.б.), сондай-ақ, жеке меншік үйде тұратын үй иелерінің шартты есептелген табысы.
5. Әлеуметтік трансферттер – еңбек нәтижелерімен, кәсіпкерлік қызметпен немесе меншіктен алынатын табыстан (зейнетақылармен, жәрдемақылармен, стипендиялармен және т.б.) тікелей байланыспайтын төлемдер.

Ләззат СПАНҚҰЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор,
НАРХОЗ УНИВЕРСИТІ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста