Урбанизация дамып, рурбанизация келмеске кетіп барады

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Еліміздің 60 пайыздан астам халқының  қалалық жерлерде тұра­тындығына тәуелсіз сарапшылар алаңдаушылық танытып, да­был қа­ғу­да. Олардың айтуынша, урбанизация – Орталық Азия ел­де­рінің ішінде, әсі­ресе Қазақстанда қарқынды.  Енді біреулер «бізге ур­ба­низация ке­рек» дейді. Әу баста ондағы саясат мынадай болған: «Ке­ңес үкіметі ке­зінде қалыптасқан жүйені бәріміз жақсы білеміз, ауыл­дағылардың қа­лаға орналасуы қиынға соғатын. Мәселен, қалаға тұ­рақты қоныстану үшін бес жылдай мерзімде уақытша тіркеуде тұруға тиіс едің. Жұмысқа тұ­рудың өзі қиямет-қайым болатын.  Қалалы жерлердің тұрмыстық-әлеу­меттік жағдайы ауылға қарағанда айтарлықтай жоғары. Ондай болса, ұлт­тың сапасын жақсартудың ең тиімді жолы – ауылдағы ағайынға қалаға келуіне бар мүмкіндікті беру. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама жасау қажет». Осылай біздің ел­де урбанизация саясаты 1993 жылдары басталып еді, әлі жал­ға­суда. Сарапшылардың болжамы бойынша, 20-30 жылдан кейін Қа­зақ­стандағы ауыл мен қала тұрғындарының ара салмағы 65-35 пайызды құрайтын болады. Қазір Ресейде бұл көрсеткіш – 72, Беларусь, Украина, Арменияда – 70, АҚШ-та 90 пайызға жуық екен.  Ал урбанизация Қазақстанға қаншалықты тиімді?
«Ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшу үдерісі – заңды құбылыс. Бұл – қо­ғам­­ның дамуының бір белгісі. Ешбір ұлт өзінің даму тарихында ішкі көші-қонды ай­налып өтпеген. Мұндай заңдылықты за­ман өзі реттейді», – дейді кейбір ма­ман­дар. Алайда белгілі сарапшы Марат Ши­бұ­тов­тың отандық БАҚ-тарға берген мә­лім­­де­­месінен:
– Қазақстанның даму бағдарлама­ла­рында нақтыланған басты мақсат – елі­міз­дегі қала халқының үлесін 75 па­йызға жет­кізу. Алайда еңбек на­ры­ғына қатысты айт­сақ та, қалалардың сы­йым­­дылығы жа­ғынан да, қалалық ин­фра­құ­ры­лым­дардың даму деңгейі тұр­ғысынан да бұл қи­сынсыз дүние.  Ауыл­дағы азаматтардың тұрмыстық дең­гейін осылай көтереміз деу – бос сөз. Керісінше, ауылдан келген ми­грант­­тарға еш жағдай жасай алмауы­мыз әбден мүмкін.
Жалпы, ішкі миграция проблемасы Қа­зақстан Тәуелсіздігін алғалы бері өзекті. Са­рапшылардың «жыл – он екі ай» ауыз­дарынан тастамағандары болмаса, ше­шімі табылмай отырған мұндай ұлт үшін, қоғам үшін аса маңызды мәселеге әзірге зерттеу жүргізіп, түпкілікті айналысып жатқан ешкім жоқ десек қателеспейміз. Ал статистика астарына үңілсек, мұн­ша­лықты бейқам жүруге болмайтындығын аң­ғарамыз. Сонымен, ресми деректер не дей­ді? 1991 жылдары ішкі миграция ке­зін­­де жарты миллиондай адам ел ішінде са­­былып жүрген. 1992-1998 жылдары бі­­раз саябырсиды. Мұндай үдерістің қай­та күш алуы 1999 жылдардан байқалады. 1999 жылы ішкі миграция 232,4 мың адам­­ды құраса, ол 2004 жылы 317,9 мың­ға жетіп, 2008 жылы 350 мың адамға жуықтаған. Ресми дерек бойынша, ішкі мигрант атанып жүргендер саны қазір 300 мың адамнан астам. Ал бейресми дерек көздеріне сенсек, көшпелінің күйін кешкен жандардың саны анағұрлым көп. Бірақ нақты мәліметті ешкім білмейді. Айта ке­тейік, ішкі мигранттардың басым бөлігін әйелдер құрайды екен, яғни жалпы көр­сеткіштің 57 пайызы. Әу баста Жетісу (ол кезде «Семи­речинск» деп аталған) облы­сының орталығы болып саналған Верный қа­ласында 1900-ыншы жылдардың бас ше­нінде 40-45 мыңнан астам адам тұр­ға­ны та­рихтан мәлім. Ал ста­тис­тикалық мә­лі­­мет­терге жүгін­сек, 1900-ыншы жыл­дар­дың аяқ ше­нін­де ҚазССР-нің астанасы Ал­­ма-Ата қаласының тұрғындары бір мил­­­лион­нан асыпты. Қазір Тәуелсіз Қа­зақ­­станның оң­­түстік астанасы са­на­латын Ал­­маты қа­­ла­­сы­­ның 1 472 866 тұрғыны бар. Шын­ды­ғында, «Ал­ма­тының халқы екі мил­лионнан асады», – дейді ма­ман­дар.
Міне, әңгіме төркіні қайда жатыр, жұ­мыс іздеп, кезбе атанып жүргендер елі­міз­дің барлық өңірлеріне теңдей бөлінбей, сал­мақ, негізінен, Алматы мен Астана қа­ла­ларына түсуде. Бұл елімізге эко­номи­ка­лық қана емес, әлеуметтік жа­ғы­нан да, экологиялық жағынан да тиімсіз.
Тәуелсіз сарапшылар таратқан мәлімет рас болса, олардың дабыл қағатындай-ақ жөн­дері бар ма дейміз. 1999 бен 2009 жылдар аралығында Қазақстандағы әрбір ал­тын­шы азамат мекенжайын ауыстырып, әр­бір қазақтың үшіншісі көшпенді атанса керек. Сонымен, соңғы 10 жыл бедерінде 2,5 миллионға жуық ішкі мигрант тір­ке­ліпті. Бұл барлық халықтың 14,9 пайызы десек, оның 80 пайызға жуығы қазақтар.
Проблема шашетектен, бірақ соны рет­тейтін біздің елде заң жоқтың қасы. 1997 жылы «Халықтың көші-қоны ту­ралы» Қазақстан Республикасының Заңы қа­былданған болатын. Алайда онда ішкі ми­грация туралы тұщымды ешнәрсе ай­тыл­майды. Қазақстан Республикасы кө­ші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға ар­налған тұжырымдамасы қабылданған болатын. Онда да ішкі миграция қажетті деңгейде қамтылмаған. Демек, ішкі ми­грант­тардың құқықтық мәртебесі еш заң­намамен қорғалмай отыр.
Бәрін айт та, бірін айт, сөз болып отыр­ған миграция саласының жұмыстарын үй­лес­тіретін құзырлы орган да нақ­ты­лан­баған. Жалпы, көші-қонмен айналысатын құ­зыретті орган біреу емес, жетерлік: ҚР СІМ, ҚР ІІМ, Еңбек және әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі, Әділет министрлігі. Алайда аты аталғандардың дені, негізінен, сыртқы ми­грациямен ғана айналысады. Бұдан не байқауға болады? Ішкі миграция Үкіметтің на­зарынан тыс қалып, «өз қотырын өзі қасуда». Соның салдарынан Алматы мен Астана қалаларының маңында түрлі бы­лық-шылықтар белең алуда. Жерді заңсыз басып алушылар жиі бой көрсетіп жатады. Мойындау керек, жергілікті әкімшіліктер тек төтенше жағдай орын алғанда болмаса, мұндай мәселемен дер кезінде айналысуға келгенде тым шабан.
Ішкі миграция мәселесі осыдан біраз уақыт бұрын парламентте де көтерілген-ді. Үкіметке депутаттық сауал жолдап, ішкі миграцияны реттейтін бағдарлама жасау­ды ұсынған депутат Айткүл Самақова:
– Ішкі көші-қонды құрап отырғандар, не­гізінен, ауылдағы ағайын, яғни тұрғы­лықты ұлт өкілдері. Бей-берекет көшіп жүр­­ген олар, сондай-ақ қала мен облыс ор­та­лықтарында заңсыз тұруға мәжбүр. Бас­­пананың жоқтығы өз алдына, са­ни­тарлық-гигиеналық жағдай еш сын кө­тер­мейді, мектеп жетпейді, ауруханалар қол­жетімді емес, ал балабақша оларға тіп­ті ар­ман. Қалаға, негізінен, жұмыс істеуге қа­­білеті барлар келіп жатыр десек, олар осы сынды проблемалармен бетпе-бет келуде. Бұл – ауыл жастарының қай жа­ғынан да біртіндеп құлдырауына әкеп соқ­ты­руы ғажап емес. Бұл еліміздің эко­но­ми­калық, әлеуметтік дамуына айтарлықтай кері әсерін тигізбей қоймайтынын құбы­лыс екендігін ұмытпайық, – деген еді.
Жастар демекші, ішкі мигранттардың не­гізгі бөлігін солар құрап отырғанын ес­кер­сек, ауыл мен қаланың екі ортасында сергелдең күй кешкен олардың азып-тозып кетпесіне кім кепіл? Осы сынды түйінді мәселелер талқыланған «Қазақ­стан­дағы жастар арасындағы ішкі ми­гра­ция: мысалда – Алматы қаласы» атты зерт­теу жұмыстарында Қоғамдық мәселе­лер­ді сараптау орталығы бірқатар кем­ші­ліктерді тізіп шыққан-ды. Өз кезегінде, атал­ған орталық директоры Меруерт Мах­мутова: «Қаланы ауылға айыр­бас­тай­тын жастар саусақпен санарлық. Ке­рісін­ше, ат басын қалаға бұратындар саны тым көп. Басым бөлігінің қалада тіркеуі жоқ­ты­ғынан бізде нақты мәлімет жоқ». Алай­да, дейді ол, сондай-ақ жастарды ауылға көшуге үгіттеу саясатын кейінге қалдыра тұрған абзал. Ең дұрысы, оларды қалаға тіркеп, мамандық беріп, жұмыспен қам­та­масыз ету. Егер біз бұдан былай да жас­тар мәселесіне немкеттілікпен қарайтын бол­сақ, бара-бара оларға түрлі әлеуметтік проблемаларды үйіп-төгіп, қоғамның бел­сенді тобының өсіп-өнуіне шектеу қо­йып аламыз.
Жуырда көші-қон саясатын жүзеге асы­румен кешенді түрде айналысатын Өңір­лік даму министрлігі құрылған бо­латын. Урбанизацияны рурбанизацияға айналдырмаса да, қордаланып қалған бар проблеманы оң шешуге су жаңа ми­нистр­ліктің қауқары жете ме, ол қандай нә­тиже бермек деген сауал төңірегінде сая­саттанушы Мұхит Асанбаевты әңгімеге тартқан едік.
Мұхит Асанбаев, саяси ғылымының кандидаты:
– Урбанизация үдерісі болады, бола бермек. Оған тоқтау қоя алмай­мыз. Ол тіпті күшеюі де мүмкін. Алайда ішкі миграцияны реттеп отырмаса тағы болмайды. Оны министрлік құру ар­қылы қадағалап отырамыз деу бекер. Хаос бар жерде қанша министрлік құр­саң да бәрібір. Тіпті экономикалық жағынан сандаған шара қолдансаң  да оның көмегі шамалы. Ең дұрысы, жергілікті өзін-өзі басқару институты толыққанды іске қосылуы тиіс. Мұндай жүйені ауылдық, аудандық әкімдерді халықтың өзінің сайлауынан бастаған жөн. Екінші кезекте, ауылды жерлерді көркейтіп, ондағы әлеуметтік секторды дамытып, мәдени ошақтарына дейін қайта құру керек. Тұрақтылық сонда ғана орнайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста