"Ұмай" ипотекасы бойынша қайтадан өтінім қабылданады

Отбасы банкі "Ұмай" ипотекасы бойынша қайтадан өтінім қабылдауға шешім шығарды. Себебі үміткерлердің жартысы іріктеуден өте алмады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Қанша өтініш қабылданады

 

Биыл "Ұмай" ипотекасына 15,6 млрд теңге бөлінген болатын.

 

10 мамырда басталған әйелдерге арналған бағдарлама үлкен дүрбелең тудырды. Сол күні түске дейін 1000-нан астам өтінім түсіп, лимит аяқталған болатын.

 

Бірақ бағдарлама шарттарына сәйкес, үміткер төлем қабілеттілігін растап, бір айдың ішіне баспана табуы тиіс. Үйді бағалау құжатын да алуы керек. Кейбіреулер үлгермей, пәтер сатып алудан бас тартады.

 

"Клиенттердің бір бөлігінің ипотекадан бас тартуы себебінен банкте шамамен 6 млрд теңге резерв пайда болды, ол жаңа өтінімдерді қаржыландыруға бағытталатын болады. Бұл дегеніміз, шамамен 400-450 әйелге өз баспанасын тауып, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік туды!", - дейді банк мамандары.

 

19 шілдеде Отбасы банкі өтініштерді қайта қабылдауды бастайды.

 

Оны банктің кез келген бөлімшесінде беруге болады.

 

Бағдарлама шарттары

 

Мөлшерлеме - 14.4% (ЖТСМ 15.4% - дан), одан кейін 3.5% - 5% - ға дейін төмендейді (ЖТСМ 3.6% - дан);

 

Бастапқы жарна - 15-20%;

 

Несие сомасы - 30 млн теңгеге дейін;

 

Мерзімі - 6 айдан 25 жылға дейін;

 

Баспананы бастапқы немесе қайталама тұрғын үйден алуға болады. Бірақ бір мәселені ескерген жөн, өтініштер Астана, Алматы, Ақтау және Атырауда қабылданбайды. Себебі ол жақта қарыздар бойынша лимит таусылды. Басқа қалаларда өтініш беруге болады.

 

Айта кетері, "Ұмай" әйелдер ипотекасы 2021 жылы басталған болатын. Содан бері 2 073 әйел баспаналы болды.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста