Соңғы 20 жылда Ұлттық қордан 38 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Оның ішінде мақсатты трансферттерге жеті триллион теңге бөлініп, кепілдендірілген трансфертке – 30 трлн. бағытталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай мәлімет Жоғарғы аудиторлық палатада айтылды.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымында соңғы 10 жылда ұлттық қордан түсетін трансферттердің үлесі 36 пайызға дейін өсті. Аталған палата үкіметке ең төменгі теңгерімді қамтамасыз ету үшін мақсатты трансферттерді азайтуды ұсынды. Мамандар мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалған қаржыны да есептеді.
Соның нәтижесінде 300 миллиард теңгеге жуық қаржы тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар, 18 млрд теңгеге тең заң бұзушылық әшкереленді. Жоғарғы аудиторлық палата өкілдері елде 2021 жылы мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу басталғанын атап өтті.