Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының төлемақысы бекітілді
![Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының төлемақысы бекітілді](/image/stub.png)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Құжатта «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны бекітілді.
Алматы қаласы мен Алматы облысы арқылы баламалы жолдар бойынша жүріп өтуге болады.
Ақылы жолдың бастапқы пункті – Алматы – Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640 км, ақылы жолдың соңғы пункті – Алматы – Талғар автомобиль жолының 22+000 км.
Үлкен Алматы айналма жолымен қанша жол жүргеніне қарамастан, 1 сағат ішіндегі төлем құны:
Жеңіл автомобильдер – 241,5 теңге;
16-ға дейінгі жолаушыға арналған автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 276 теңге;
32-ге дейінгі жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 483 теңге;
32 және одан да көп жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 552 теңге;
жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 690 теңге;
жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп, оның iшiнде тiркемелерi бар жүк көліктері, ершікті тартқыштар – 759 теңге.
Абонемент құны:
Жеңіл автомобильдер: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
16 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 теңге);
32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге)
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері автопоездар: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге)
жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: бір айға – 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге)
жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: бір айға – 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).
Бұйрық 2023 жылдың 21 шілдесінде күшіне енеді.
Айта кетейік, 16 маусым күні Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі – Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілген еді.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)