Ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін

Ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін

Отандық нарық монополиядан толық арылған уақытқа дейін ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін. Мұндай ұсыныс Ашық НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында көтерілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, мемлекет қоғамдық маңызы бар нарықтардағы кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, қызметтеріне бағалар мен тарифтерді реттейді», - делінген құжатта.

 

Алайда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің квазимемлекеттік секторға жататын ұялы байланыс операторларының қызметтеріне баға белгілеу құқығы жоқ.

 

Ведомство дерегінше, байланыс тарифтерінің күрт қымбаттауын болдырмау және оның алдын алуға осы шектеу кедергі болып отыр. Сондықтан ұялы байланыс операторларының қызметіне мемлекет тарапынан баға белгілеу ұсынылды.

 

«Квазимемлекеттік сектор қатысатын нарықтарда баға белгілеудің ашықтығы кезінде нарықты толық монополиясыздандыру сәтіне дейін ұялы байланыс қызметтеріне бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылады», - деп жазылған консультативтік құжатта.

 

Бұл бастама 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Қоса кетсек, былтыр өзінің міндеттемесіне сай сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста