Туризмді табыс көзіне қалай айналдырамыз?

Кезінде Асан қайғы бабамыздың назарына ілініп, тамсандырған қазақ жері бүгінде таңғажайып табиғатымен біраз елдердің көз жауын алып отыр. Қазір өзге елдердегі атыс-шабыстан, табиғаттың тосын мінезінен шетел асып қызық қууды сиретіп жатқандардың көбісі ат басын Қазақстанның Алакөлі мен Көкшенің көрікті Бурабайына бұра бастады. Бүгінде елімізге қонақтап келген туристердің қайсыбірі Тайланд пен Анадолының мәрмәр жағалауларынан бастартып қазақ еліне арнайы келгендерін ағынан жарыла алға тартады. Ал біз ше? Біз сол туристердің жайлы демалуына жағдай жасай алып отырмыз ба? Жалпы, Қазақстанның туризм индустриясының болашағы қандай болмақ? Енді осы жағын сарапқа салып көрсек...

Сөз басы...
Негізінде, соңғы үш жылдың көлемінде біз­дің Үкімет туризмге тереңінен мән бе­ретін толағай бағдарламаларды қабыл­дап тастады. Ол бағдарламалардың негізгі ұстан­­ған бағыты:
• Туризмді мұнайдан кейінгі табыс көзі­не айналдыру;
• Еліміздегі көрікті мекендерді шетелдік­терге жарнамалау арқылы ұпайды түген­деу.
• Әлемге әйгілі Си-Эн-Эн, Би-Би-Си және басқа да ақпарат таратушы алпауыт компаниялармен табиғаты көркем аймақ­тарды жарнамалау туралы келісімшарт жасасу;
• Отандық туризм саласына шетелден инвестиция тарту;
Міне, біз қазақстандық туризмнің бет-бедерін осылай қалыптастыруды мақсат тұтып отырмыз. Былай қарағанда, Үкімет үкі­леп отырған туризм саласын дамытудың алғышарттары бізде жеткілікті тәрізді. Әйтсе де өзге елдер тәрізді туризмнен шыл­қыған пайда көріп жатқанымыз шамалы.

Дерек пен дәйек
Егер деректерге сүйенсек, туризм саласына кезінде кеңестік жүйенің аса мән берушілікпен қарағанын байқай­мыз. Мәселен, Кеңес өкіметі тұсында Ден­саулық сақтау министрлігінің қара­ма­ғында 220-ға тарта туристік меке­ме­лер болыпты. Ал республикалық кәсіп­одақ басқармасына қарасты ірі 20 сана­торий жұмыс істеген. «Өкінішке қарай, жекешелендіру кезінде бұл жүйе толығымен құлады. Көптеген демалыс орындары нарық талабына төтеп бере алған жоқ. Қазір Қазақстандағы турис­тік компаниялар мен шипажайлар саны жүзге де жетпейді» дейді мамандар.
 Тағы бір баса назар аударатын жайт – бүгінде өндіріс қалдықтарының сырт­қа тасталуынан Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстарындағы емдік бұлақ көздері ластанып жатыр. Ал бұл проб­леманы шешу мақсатында мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан бағдар­ламалар легі бірен-саран, тіпті жоқтың қасы. Жалпы, Қазақстанның туризм ин­дустриясы өткен жылы шамамен 11 миллион адамға қызмет көрсетіпті. Соның ішінде Алматыдан шетелге 58 мың адам барса, келгендерінің ұзын-саны 42 мыңды құрайды. Дерек көздері өткен жылы Қазақстаннан Ыстықкөлге демалушылар аз болғанын, есесіне Бу­рабайға барушылар көбейгенін айқын­дайды. Рас, Қазақстанда демалыс орын­дарына деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді. Ал енді осы сұ­ра­нысты үстемелеп, туризмді табыс көзіне қа­лай айналдыруға болады?

Мәселенің астары...
Бір ескеретіні туризм мәселесін шешуде еліміздің Спорт және Туризм министрі Темірхан Досмұханбетов соңғы кездері туризм индустриясы мен туризм инфра­құрылымы қатар дамып келе жатқанын айтудан жалыққан емес. Министрдің ай­туынша, биылғы жылы шетелден елімізге келетін туристер саны екі есеге өспек. Сондай-ақ туризмнен қазынаға түскен түсім 2007 жылы 4,5 млрд болса былтыр бұл көрсеткіш 6,5 млрд теңгеге жеткен. Әрине, бұл жақсы нышан. Демек, Үкіметтің «жеті кластердің бірі болады» деп үміттеніп отырған туризм секторының екі аяғынан тік тұруына мүмкіндік бар. Әйтсе де сарап­шылардың пікірінше, елімізде туризмді дамытуға тұсау болатын мына жайттар әлі де шешімін таппаған көрінеді. Біріншіден, шетел ту­ристері виза алып, көші-қон органдарында тіркелу үшін көп қиналса, екіншіден, құ­жат­тарды рәсімдейтін білікті мамандар жетіс­пейді. Инфрақұрылым мен мар­ке­тинг­тің деңгейі де сын көтермейді. Бұл рет­те «отандық туристік компаниялар шет­елдік инвестицияны игеруге де қабі­летсіз» деген пікірлер қалыптасқан. Осы орайда бізге пікірін білдірген «Эко-Қазақ­стан» турис­тік компаниясының менеджері Жа­нар Нұрәлиева:
– Бүгінде туризм саласына шетелден инвестиция құюға Үкімет өзі мүмкіндік беріп отыр. Қазір шетелдік туристік фирмалардың көбісі Іле Алатауының баурайына курорт салуға, Қапшағай мен Шучье-Бурабай аймағына ойын-сауық кешендері мен шипажайлар салуға ықылас білдіріп отыр. Бірақ біздің елде әлі де болса шетелдік менеджерлерді қазақ жеріне жерсіндіретін жобалар легі жоқтың қасы. Сондай-ақ отандық мамандардың біліктілігі де жетіспейді. Туризм саласында жүрген мамандардың 30 пайызы ғана осы сала бойынша арнаулы білім алған. Сондықтан біз туризм индустриясын дамытамыз десек, алдымен маман біліктілігін арттыруымыз керек, – дейді.

Ойсалар:
Пайымдасақ, туризмін тыңайтып, жанға жайлы демалыс орындарын көбейтіп алған елдердің көбісі бүгінде еңсесін тік ұстайды. Өткенде Қазақстанға Малайзия елінен бір топ туризм өкілдері келген-ді. Олар ұшақтан түсе салысымен «біздің еркімізге салса Қазақстанды алты-ақ айдың ішінде жасыл алапқа айналдырар едік» деп таңдай қақты. Осыдан-ақ біз туризмді дамытуда басқа елдерден әлдеқайда кенжелеп жатқанымызды ұғындық. Сол сапарында Малай елінен келген Туризм одағының мүшесі Азиза Азизан журналистермен кездесу кезінде: «сіздер туристік салаға қатысты мамандар дайындауды енді ғана қолға алыпсыздар. Ендеше, бұл саланың пайдасын 2012 жылы ғана көресіздер» деген еді. Қалай десек те «ештен кеш жақсы» деген емес пе? Біз үшін бастысы нақ қазір туризмнің табыс түсірер тетіктерін іске қосу болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста