Түйенің сүті де ем, жүні де ем

Отандық өндірісте қымыз бен шұбат дайындау арқылы тұтынушы­лар­дың ризашылығына ие болған Алматы облысындағы «Дәулет-Бе­кет» ЖШС өз өнімінің түрлерін көбейтпекші. Серіктестіктің жаңа сауда мар­касымен дайындалған кілегейі мен құрты тұтынушылардың қолына ти­геніне де көп бола қойған жоқ. Ал жақын күндері түйе жүнін өңдеп, бұ­йым­дар шығара бастамақ.
Қазір «Дәулет-Бекет» шаруашылы­ғы­ның иелігінде 4 мың бастан астам түйе бар. Бір­неше жылдан бері отандық нарыққа шұ­батты шығыстық сипаттағы пластик бө­тел­кеде шығарып келе жатқан серіктестік қы­мызхана мен шұбатхана деген атауға ие бол­ған киіз үйлерде де жаз маусымында ұлт­тық сусындарын ұсынып келеді. Мә­селен, олардың өткен жылы 800 тонна шұ­баты саудаланыпты. Алғашында тек мау­сым­дық жұмыс ретінде басталған түйе сауу ісі арнайы салынған ферманың арқасында биыл тұңғыш рет жыл бойы үздіксіз жүр­гізілді.
Қазір түйе қырқу науқаны қызу жүріп жа­­тыр. Бүгінге дейін 5 тоннаға жуық жүн қыр­қылған. Бұрын шикізат ретінде са­тыл­ған түйе жүні қазір шаруашылықтың өзінде өңделе бастады. Қаптамадағы түйе жүні енді супермаркеттерде сатылатын болады. Ертеректе ата-бабаларымыз оны буын ау­ру­­ларына ем ретінде пайдаланған. Со­н­дық­­­тан түйе жүнін тұтынушылардың қазіргі кезде де табылатынына күмән жоқ. Алдағы уа­қытта серіктестік түйе жүнінен шұлық, бел­беу, көрпе, кілем және басқа да бұ­йым­дар жасауды көздеп отыр.
Сыдық ДӘУЛЕТОВ, «Дәулет – Бекет» ЖШС директоры:
– Шаруашылықта тәулігіне 500 түйе үш реттен сауылады. Одан шама­мен 2,5 тонна сүт шығып, өңделеді. Біз енді тек шұбатпен шектелмей, кало­рия­лы өнімдер шығаруды қолға ала бас­та­дық. Кілегей мен құртта ешқандай кон­серванттар қосылмағандықтан, онда көптеген пайдалы аминқышқылдар сақ­талады. Жуық арада түйе жүнінен киім­дер мен тұрмыстық бұйымдар әзір­леуге дайындалып жатырмыз. Бұл рет­те Елбасы айтқан кластерлік жүйені да­мытып, өңдеу саласына үлес қосатын бо­ламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста