Тіреумен тұрған мектептің тілеуін тілеп жүргендер көп

Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Тайпақ (қазіргі Ақжайық) ауданы аумағында Шабдаржап дейтін ауыл бар. Атыраудың Индерімен шекаралас жатқан бұл елді мекенде 756 адам тұрады.
Мұнда мектеп, клуб, пошта, кітапхана, фельдшерлік пункт және орман шаруашылығы мекемесінің филиалы жұмыс істеп тұр. Оған қоса 17 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер күнкөрістерін айыруда. «Құдайға шүкір, болашағы жоқ ауылдардың тізімінде жоқпыз, үлкен елді мекенбіз» - дейді шабдаржаптықтр. Соңғы төрт жылда дүниеге келген 81 сәби әлгі сенімді одан әрі нығайта түсетіні жасырын емес. Ауылдағы үйлердің 80 пайызы көгілдір отынға қосылған. Табиғаты да тамаша, іргесінен Жайық ағатын ауылдың тұрғындары қап-қап болмаса да тойып жеуге жарайтындай балық аулап ғұмыр кешуде. Мыңғыртып мал өсіріп отырған ағайындар да жеткілікті. Бірақ, шабдаржаптықтардың күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейтін бір мәселе бар. Ол әне-міне құлағалы тұрған ауылдағы апатты мектептің жағдайы.
Әбден тозған, шөгіп, бір уыс күйге түскен ғимарат сонау 1959 жылы салыныпты. Жақтаулары ырсиған ескі терезелерден шақырайған күн құстың ұясындай тар бөлмелерді моншадай қайнатып жіберген. Бөлмелердің, дәліздің едендері әбден тозған. Кейбір бөлмелерге линолеум төселсе де, астындағы тозығы жетіп үлбіреген тақтайлар шеге, желім ұстамайтындықтан, оны жәй жаба салған, шеттері жалбырап жатыр. Оқушылар бөлме жетпегендіктен, ұзына бой дәліздерге шешінеді. Жарға жағалай ұзын тақтай қағылған, одан шегелер шошаяды. Баланың аты бала. Сабақ біткенде таласа-тармаса, күртелері мен пальтоларына жармасқанда, оларының жағалары мен ілгіштерін анау шошайған шегелер «алып» қалып жатады. Парта тақта, шкаф, үстел дегендеріңіздің «туған» жылдары белгісіз. Кейбір жиһаздарды мұғалімдердің бейнетқор қолдары сырлап-қырнап дегендей жасартқысы келгені байқалады. Бірақ «қысылғаннан қыз болып» тұрған олардың «жасын» жасартып, ғұмырын «ұзарту» қиындап бара жатқан сияқты. Бірнеше бөлменің төбесі майысып кеткендіктен тіреумен тұр. Бөлме сайын шүпірлеген бала, иін тірескен ескі парталарға әрең сыйып, ағыл-тегіл терлеп отыр. Маңдайларының терін сүртіп қойып, әбден тозығы жеткен тақтаға әлденелерді жазып, сабақ түсіндірген мұғалімдер. «Қыста керісінше, кластар қақап тұрады» дейді олар.
Мектеп директоры Бекзат Иманғалиеваның өзі кезінде осы мектепте оқыған. Жоғары оқу орнын тәмамдағасын Оралда қалып қоймай туған мектебіне қайтып оралған. Директорлыққа дейін мұғалімдік қызметтің барлық баспалдағынан өткен. «Негізі бұл ауылда білім ошағы 1936 жылы ірге көтерген. Ал мына ғимарат 1959 жылы 8 кластық болып салынды. Күні бүгін 165 оқушы білім алып жатса, даярлық тобында 16 бала, шағын орталықта 50 бала жалпы нобайы 231 баланы 33 мұғалім оқытып, тәрбиелеп жатыр. Нақтылай түссек, осы мектептің төңірегінде барлығы 62 адам нәпақасын тауып жүр» - дейді директор.
Асхана деген дардай аты бар жерден 132 бала тегін ауқат ішеді. Ол асхананың санитариялық жағы айтпай-ақ түсінікті шығар. Әйтеуір аты ғана бар физика кабинеті, зертхана бөлмесі дегендердің көрнекі құралдары мен атам заманғы жабдықтарын, жиһаздарын осы қазір-ақ «ұялмай» мұражайға өткізіп жіберуге әбден болады.
Әрі тар, әрі қараңғы, өзі әбден діңкелеп тұрған мектепке жауған жаңбыр да аз соққы емес көрінеді. Мектептің шиферлары тозған, тесілген. Ондай күндері сабақ үзіліп, балалардың құдайы «берсе», мұғалімдер төбеден аққан тамшымен «айқасып» ақ тер, көк тер болады. Шелек, шылапшын даңғырлап, ер-азаматтар сыртқа су тасып, қыз-келіншектер еденді құрғатып, қорғанысқа көшеді...
Адамның басына іс түскенде таппайтын амалы жоқ. Мұғалімдер төбеге (шатырдың астына) екі жерден бөшке қойған. Селдеткен жаңбыр шатырдың саңылаулары арқылы әуелі соған ағады. Олар толды-ау деген кезде сатымен жоғары өрмелеген «водовоз» мұғалімдер шелектермен қаруланып іске кіріседі. Ондай кезде директор Бекзат «құлап қалмаңдаршы!» - деп шырылдап, мектепке сыймай кететін көрінеді. Тамшының барлық кластарға сарылдап ақпауына әлгі бөшкелердің пайдасы кәдімгідей тиіп тұр...
Шабдаржаптан көшіп кетіп жатқандар жоқ, қайта үй салушылар көбейген. Соңғы жылдары 35 үй салыныпты. Тағы 7 жас отбасы үй салып жатыр Яғни ауылдықтардың бар ойы осындағы орта мектеп жабылмауы керек. Жабылуды айтасыз, жаңа мектеп керек!
Біз әңгімелеп отырған мектепке жуырда облыстан арнайы комиссия да келіп кеткен. Ішін-сыртын қараған, аралап көрген. Әлденеше тіреумен ілдебайлап әрең тұрған апатты жағдайдағы мектепте сабақ беріп, оқып жатқан жүрек жұтқан экстремал жандарға кәміл таңғалып кеткен шығар. Содан бері шабдаржаптық ұстаздар мен оқушылардың түсіне іші-сырты жарқыраған осы заманғы судай жаңа мектеп жиі енетін болыпты. Тек сол күн тым созылып кетпес пе екен деп уайым жейді олар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста