Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы: сыйлықақы салымшылардың ағымдағы банк шоттарына түседі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) салымшыларға қолданыстағы ағымдағы шоттарының бар екендігін тексеруге және қажет болса ашуға кеңес береді. Өйткені 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) осы ағымдағы шоттарға түседі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Теңгелік депозиттер бойынша сыйлықақы салымшылардың ағымдағы банк шоттарына аударылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (Отбасы банкінің) депозиторларына келетін болсақ, 10 пайыздық сыйлықақы олардың жинақ шоттарына аударылатын болады.

 

Банктер өтемақы төлеуге өтініштер қабылдауды 2023 жылғы 10 ақпанда аяқтады. Салымшыға 10%-дық сыйлықақыны оған депозит ашқан банк төлейтіндігі Қорда атап көрсетілді. Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жүргізіледі. Осы күні Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы да аяқталады. Сәйкесінше салымшы 2023 жылдың 24 ақпанынан бастап, өтемақы төленетін салымынан ішінара немесе толық көлемде ақша алуға құқылы.  

 

Еске саламыз, сыйлықақының көлемі 2 млн теңгеден аспайды және ол 2022 жылдың 23 ақпаны мен 2023 жылдың 23 ақпаны аралығында шотта болған ең минималды сомаға есептеледі. Депозит бойынша өтемақы төлеу мерзімі, шарты және тәртібі Бағдарлама Қағидаларында жазылған. Құжатпен осында танысып шығуға болады.

 

Салымшылар толыққанды ақпаратты салымы орналасқан банктерден біле алады немесе сауалдарын info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста