Тарихи оқиға: Қазақстан мұнайы Жерорта теңізіне шығарылды

Өткен жылғы шілдеде Мем­лекет басшысы Қасым-Жо­март То­қаев Үкімет пен бір­қатар ұлттық компания бас­шыларының қатысуымен еліміздің көлік-транзиттік әлеуе­тін дамыту жөнінде кеңес өткізген болатын. Онда берілген негізгі тапсырманың бірі – мұнай жеткізу бағытта­рын әртараптандыру, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

Басты назардың нақ осы мә­селеге аударылғаны қи­сынды: әлемдегі күрделі гео­саяси жағдай мен санк­ция­лық қысымның кү­шеюінен көптеген көлік-логис­тика­лық бағыт үзіліп, ал жаңа қақтығыстар қаупі жаһанда қа­лыптасқан жағдайдың келеше­гінде белгісіздік тудырды.

 

 

Аталған жиында ел Пре­­зи­­денті:«Қазақстан теңіз ар­қы­лы тасымалдау әлеуе­тін толық пайда­ланған емес. Қазір заман басқа. Үкі­мет­ке порттарымызды Кас­пий теңізінің жетекші хаб­тарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктедім. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін», деп атап айтты.

 

Содан кейін Транскаспий ха­лықаралық көлік бағыты арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу мә­селесі Қасым-Жо­март Тоқаевтың 2022 жыл­дың тамызында Бакуге сапары кезінде талқыланды. Екі елдің Президенттері бұл мәселе бо­йынша келісімге келіп, оны ірі ұлттық мұ­най компаниялары – «Қаз­МұнайГаз» ҰК» АҚ және Socar деңгейінде пысық­тауға бастама берді.

 

Президент тапсырмасы көп күттірмей орындалды. 2022 жыл­дың қарашасында аталған компаниялар арасында жыл сайын 1,5 млн тонна көлемінде Ақтау–Баку–Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы бесжылдық келісімге қол жеткізілді, ал биыл наурыз айында Ақтау портынан алғашқы мұнай партиялары жөнел­тіле бастады.

 

Ал өткен сенбіде «Қаз­Мұ­най­Газ»-дың енші­лес ұйы­мы «Қазақ­теңіз­кө­лік­­флоты» ҰТКҚК» ЖШС-не­ тие­сілі отан­дық «ALATAU» танкері Джейхан порты­нан ал­ғашқы 80 мың тонна мұнайды тиеп алып, сапарға шықты.

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасы Мағ­зұм Мыр­зағалиевтің біз­ге білдірген пікірінде ком­панияға үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті. «Бұл – еліміз үшін үлкен жетістік. Мемлекет басшысының тап­сыр­масын орындау ке­зін­де компания ­жобаны іске асырудағы үл­кен жауап­кер­шілікті сезінді. Ұзақ мер­зімді перспекти­ва­да бұл бағытты игеру отан­дық эко­номикаға зор пайда әкеле­тініне сенім­діміз. Мұның өзі қа­зақ­стандықтардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері сөз­сіз», деді ҚМГ басшысы.

 

Отандық мұнайды тиеген «Alatau» танкері ру­мыниялық Констанца портына бағыт алғанын айта кету керек. Жеткізілген өнім ҚМГ-нің Румынияда орналасқан «Petromidia» мұнай өңдеу зауытының қажет­тіліктеріне жұм­салатын болады.

 

Осы тарихи оқиғаға орай, отан­дық мұнай-газ сала­сы­ның жаңа даму кезеңі басталды деу­ге болады: әлемдік мұхит­қа шығар жолы жоқ еліміз өз шикізатын жеткізу үшін алыс теңіз кеңістігін игеруде елеулі қадам жасады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста