Шымкенттегі жылыжай шаруашылығы құрдымға кетудің алдында тұр

Елдің оңтүстік өңірінде жылыжай шаруашылығы бәсекеге төтеп бере алмай отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Себебі сырттан келетін көкөністің үлесі көбейіп, ішкі нарықта үш есе арзан бағаға саудаланып жатыр. Ал өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін коммуналдық төлемдер қымбат көрінеді.

 

Шаруалар осылай жалғаса берсе, Президенттің атына ашық хат жазуға әзірміз дейді.

 

Бұл Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ең ірі жылыжай кешендерінің бірі. Аумағы 9 гектар алқапты алып жатыр. Соңғы технологиямен соғылғандықтан көкөністің өнімділігі мен сапасы әлде қайда жоғары.

 

Бірақ шаруалар дайын өнімнің өзіндік құны аспандап, ішкі нарыққа шығару қиындап кетті дейді. Оның себебін коммуналдық төлемнің қымбатшылығымен байланыстарады.

 

Нұрберген Қойлыбаев, жылыжайдың бас агрономы:

 

- Қияр өзін ақтау мәселесі өте қиын болып жатыр. Өйткені Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан болсын елдерден келетін жеміс-жидектер өте арзан. Біздегі бағамен бәсекелес болу қиын.

 

Көрші елдермен бәсекеге төтеп беру қиындаған тұста шарулардың ісі тұралап, шығынды өтеумен шектеліп жатыр. Бұлай жалғаса берсе еңбек ақталмай, жұмысшылардың ісі кері кетуі мүмкін.

 

Ләззат Жаханшаева, жұмысшы:

 

- Олар бізге күніне 4 мың теңгеден төлейді. Күн ақысы. иесі қиналса да тауып береді. Бір күндей тұрып қалады. Жабылып қалса не болады деген уайым болып жатыр. Иелеріне рақмет, қиналса да апта сайын ақшамызды тауып беріп жатыр.

 

Құрдымға кеткен шаруа қожалықтары жылыжай қауымдастығынан көмек сұрап, күнде келеді. Жылыжай салғандар қымбат коммуналдық төлем үшін мемлекеттен субсидия берілсе екен дейді.

 

Мырзахмет Сынабаев, қалалық жылыжай қауымдастығының төрағасы:

 

- Шаруалардың да арыз-талабы орынды. Өйткені өндіріп жатқан өнімнің өзі 120-130 млрд теңгенің айналасында. Соның 10% субсидиялап берсе жетеді. Көгілдір отынымыз бізде 1 куб/м 37 мың теңге. Ал Түрікменстанда ол 45 теңге болады. Сонымен бұл бәсекелестікке тұра алмай жатыр.

 

Электр энергиясы мен жылу қуатына шығын көбейген тұста диқандардың көбі егін маусымын ауыстырып әлек. Қымбатшылықты осылай айналып өтуге мәжбүр.

 

Әбунасыр Жанбатыров, қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

 

- Бізде жалпы 204 га жылыжай бар. Оның ішінде фермерлігі бар, қолдан жасалғандары бар, одан кейін өндірістік бар. Фермерлік жылыжайлар көбінесе шығындарын ақтай алмай, қазір уақытша тоқтап тұр.

 

Өнімі бар, саудасы жоқ диқандар енді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау күтеді. Жағдайды жүйелуге ат салысып, коммуналдық қызметтің субсидиясын шешіп берсе екен дейді олар.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста