Түркиялық инвесторлар Шымкентте бахил өндірісін қолға алмақ. Жуырда шетелдік қонақтар осынау өндірістегі тәжірибелерімен бөлісті. Жобаның қыр-сырын талқылап алған тараптар бірлесіп жұмыс істеу үшін ортақ келісімге келді. Жобаны шетелдік компаниямен біріге іске асыратын оңтүстікқазақстандық кәсіпорын – «ЖилСтрой индустрия» компаниясы.
Толга ХЫДЫРОГЛУ, «Т&Т» компаниясы басқармасының төрағасы:
– Жуырда Түркияға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бастаған кәсіпкерлермен бір топ делегация кеіп, келіссөздер арқылы зауыттың құрылысын «Оңтүстік» индустриалдық аймағында жасау ұсынылған еді. 2015 жылы зауыт құрылысын оңтүстікқазақстандық кәсіпорынмен бірлесіп жүзеге асыратын болды.
Бұл жоба іске асса фабрика ай сайын 4 миллион дана бахил шығаратын болады. Өндіріс орны 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Айта кетейік, түркиялық іскерлер бахил өндірумен ғана айналыспайды. Сондай-ақ, бахилланы аяққа кигізетін арнайы құрал шығару да ойластырылып отыр. Құны 6 миллион теңгеден асатын бұл жоба нақтыланса, фабрика ішкі сұранысты толығымен қамтимыз деп отыр. Айта кету керек, бұл өнімдерге Түркияда да сұраныс зор. Сондықтан шығарылатын өнімдердің белгілі бір бөлігі түркиялық тұтынушыларға да жөнелтілетін болады. Тараптар өндіріс қуатын арттырсақ, өзге де шет мемлекеттерге экспорт жасаймыз деп отыр. Тіпті, жұмысшылар кәсіпорында қолданылатын жаңа технологияларды игеру мақсатында Түркия мен Ирландия елдерінде арнайы оқудан өтетін болады.
Рауан КЕРІМБЕРДИЕА, «Шымкент Инновация» ЖШС бас маманы:
– Бұл жобадан бөлек, түркиялық компания біздің өңірде жүзеге асырғысы келіп жатқан жобалар көп. Олардың қатарында аналогы Қазақстанда жоқ инновациялық роботтехника, машина құрылысы саласын индустриализациялауға арналған қосымша бөлшектер өндірісі бойынша жобалар бар. Сонымен қатар, компания өкілдері біздің облыста қос дөңгелекті электрлі скутер шығаратын өндіріс орнын ашу жоспарларын да айтып өтті.
Шымкентте бахил шығарылады
Последние статьи автора