Супермаркетке сайланып барыңыз

Ірі дүкендерде жаңа піскен нанның иісі аңқып тұратынын байқадыңыз ба? «Адамның тәбетін қоздыру үшін сол иісті кейде желдеткішпен таратады» дейді білгіштер. «От ала кіргендер» соған елтіп арбаны қалай толтырғанын байқамай қалады. Өйткені «Сауда – өрмекшінің жем түсіруге арналған өрмегі». Сол өрмекке түспеудің амалын қарастырайық.

Ақша жұмсауға келгенде, әсіресе, азаматшалардың делебесі қозатыны белгілі. Жорыққа шықпас бұрын қажетті заттардың тізімін жасап, содан ауытқымауға тырысыңыз. Өйткені адам дүкенге кірген бойда неғұрлым көбірек сатып алуға бейім тұрады. Сәйкесінше, қымбат тауарлар кіре беріске жайғастырылады. Абажадай арба да – жай емес, сиқырлы арба. «Мені толтыр» деп алдыңызға түсіп зырлап береді. Сол себепті сүт пен бөлке ғана алуға келгенде арбаны айналып қашу керек. Өзіңізге мәлім, бала атаулы дүкенге баруға айрықша құлшыныс білдіреді.

Супермаркетке бала әкелдім дегенше, бәле әкелдім дей бер. Жүгермектер сиқырлы арбаны толтырғанда алдарына жан салмайды. Әсіресе, кассаның жанындағы сөрелер өте қауіпті. Шоколад, сағыз сияқты бүкіл тәтті сонда, әрі баланың бойы жететіндей жерде. Жалпы, кассаның жанындағы өнімдер өтімді, сондықтан көптеген сауда маркалары осы VIP-орындарды сатып алуға тырысады екен.

Әлбетте, супермаркеттің базарға қарағанда артықшылығы мол. Алайда олар мүлде алдамайды деген ойдан аулақ болыңыз. Сондықтан мына қарапайым ережелер жадыңызда жүрсін.

Сақталу мерзімі: ереже бойынша мерзімі біткен тауардың дүкен сөресінде жатуға «қақысы» жоқ. Бірақ ескірген тауарды лақтыруға обалсына ма, әйтеуір, ескіні сөренің бер жағына, жаңасын түпкірге тығып тастайтын үрдіс бар. Мұнысы – сөренің ар жағын шарламай, алдындағысын ала салады деген келте қулық. Міндетті түрде тауардың шыққан мерзіміне көз салыңыз.

Тауар сапасы: өз тәжірибемізден айтайық, әсіресе, вакуумды орамдағы ет және балық өнімдерінің сыртындағы жазуға сенім жоқ. Біріншіден, оған әзірленген күні емес, оралған күні жазылады. Балықтың борсығанын үйге келген соң ғана байқап, саныңызды соғып қалуыңыз ғажап емес. Сол себепті, целлофанға оралған тағамға мұрын шүйіріп өтіп кету керек. Жалпы, кез келген тауарды арбаға лақтырмас бұрын әбден зерттеуге (айналдыра қарап, иіскеу сияқты) қысылмаңыз.

Екі заттаңба (этикетка): өзіміз жақсы көретін супермаркетте тағам орамына (балық, торт, ет секілді) екі заттаңба жапсыратын «дәстүр» қалыптасқан. Бірі – өндірушінікі, екіншісі – дүкендікі. Көбіне салмағы мен мерзімі сәйкес келмейді.

Таразыдан жеу: ірі дүкенде таразыдан жей алмайды дейтіндер қателеседі. Қызық үшін кәмпиттің дайын орамасын өлшеп көріңіз. Кемінде 30-40 грамм жетпей тұрады.

Кулинария: біздің кеңес – түрлі салат, фарш, өзге де дайын тағамдарды сатып алмаңыз. Оның көбі мерзімі өтіп кеткен, сапасыз азық-түліктен дайындалуы мүмкін.

Акция: Бұл – өзгеше әңгіме. Түрлі акциялар – ашкөз тұтынушыға арналған қақпан. Арзан бағамен көбіне тұрып қалған тағамдар сатылады.

Чек: Чек алуды ұмытпаңыз! Сіз үшін бұл – ең маңызды құжат. Чектің көмегімен сапасыз тауарды ауыстыра аласыз. Кассирдің сұғанақтығын әшкерелейсіз. Рас, электронды аппарат сирек қателеседі, бірақ оған қатысты қулықтың небір түрі ойластырылған. Кассир қыз көзді бақырайтып қойып, сіз алмаған тауарды «ұрып» жіберуі әбден мүмкін. «Өйткені сауда – алдау мектебі» деп бекер айтылмайды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста