Солтүстік Қазақстан облысында 300 шақты адам жерінен айырылып қалды. Красная Горка ауылында егін егіп мал ұстаған шаруа банкротқа ұшырап, олардың үлесі сот арқылы сатылып кеткен.
 
Ал жердің жаңа иесі тұрғындармен келісім-шарт жасаспай отыр. Красная Горка ауылының тұрғындары жер дауынан даурығып дал болды. Олар үлестерін осындағы бір шаруашылыққа сеніп тапсырып, сан соғып қалған. Кәсіпкер банкротқа ұшырап, жер сатылып кетті. 
 
Пётр Егоров, Красная горка ауылының тұрғыны:
 
- Үлескерлер - 300 шақты адамбыз. Бәріміз де жерімізді сату құқығынсыз «Жанбай» ЖШС-не жазып бердік. Бірақ ол біреулер арқылы сатып жіберген. Бұл туралы бір жылдан кейін ғана білдік. 
 
Фёдор Охотин, Красная горка ауылының тұрғыны:
 
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, экономикалық тергеу департаменті, прокуратура, полиция, облыс және аудан әкімдігіне шағымдандық. Бәрі де «мемлекеттік органдар жеке меншік іске арала алмайды» деп жауап берді. Жер мемлекетті болса қалай араласа алмайды? 
 
Жер 2018 жылы 100 млн теңгеге сатылған. Енді тұрғындар оның өздеріне тиесілі екенін дәлелдей алмай жүр. Ал жердің бұрынғы және қазіргі иелері былай дейді. 
 
Анатолий Корольчук, фермер:
 
- Үлескерлердің жері кепілдікке қойылған жоқ. Қарызыма байланысты «ҚазАгроҚаржы» ұйымы мүлікке тыйым салды. Мен тұрғындарға пай бермесе, жерді сатуға қарсы болдым. 
 
Александр Фадеев, фермер:
 
- «Жанбай» ЖШС&ndashның қатысушылары жерді мемлекеттік компанияға кепілдікке қойып, несие алған. Кәсіпорын қарызын төлемей, жер соттың шешімімен сатылымға қойылды. Біз сатып алдық. Бәрі заңды. 
 
Екі ортада қарапайым жұрт жапа шегіп отыр. Жердің қазіргі иесі тұрғындармен келісім &ndash шарт жасаспаған. Ал онсыз халық пай ала алмайды. Кәсіпкер жем &ndash азықты әзірге әлеуметтік көмек ретінде беріп отыр. 
 
Абай Шәменов, Рассвет ауылдық округінің әкімі:
 
- Олар пайларын беріп жатыр. Былтыр 5 центнерден берді. Биыл 6 центнерден беріп жатыр. Келген кісіге удостоверениесімен пайларын беріп жатыр. Бүкіл жанымыздағы ауылдарда олардың тоже жерлері бар машинамен апарып, төгіп каждый үйге дейін апарып тастайды. Өздері енді ең басында қағаздарын дұрыс істемесе, халық сол ғой бүкіл кінә сонда. 
 
Жердің жаңа иесі жұртқа шөп шауып, мал жаюға да рұқсат бермейтін көрінеді. «Тіпті, бір рет шабындықтан қуып шығарды» дейді тұрғындар. 
 
- Ребята косили, они приехали, агроном выгоняют значит эта наша земля все уматывайте отсюда&hellip
 
Қазір тұрғындар шаруаларды сотқа бере алмай отыр. Өйткені, үлескерлердің куәлік қағазы, жерді кепілге қою келісім шарты мен оның шешімі ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Енді сан соғып қалған жұрт жалдаған адвокат бұл құжаттарды таба алмаса, жабулы қазан сол күйі жабулы күйінде қалмақ.