"Сәнге" айналған сауда: Мүйіз бен Ителгі

Осыдан біраз жылдар бұрын оңтүстік жұрты үшін ақбөкеннің еті нағыз деликатес болатын. Қолында қаруы бар аңшы біткен Бетпақдаланың қуыс-қойнауының бәрін тінтіп, ақбөкендерді қынадай қырып біткен-тін. Қан сасыған далада үйілген өлекселер мен тау болып мүйіздері қалды. Ол кезде ешкім де ақбөкеннің мүйіздері кәдеге жарайды деп ойламаса керек. Арада аз ғана уақыт өтпей-ақ қытайлықтар тарапынан сұраныс артып еді, ақбөкеннің мүйізін іздеп дала кезгендер Бетпақдаланың қойнау қолатының бәрін сүзіп, келілеп өткізуге кірісті.
Расында бүгінде оңтүстіктің орталығында ақбөкен мүйізінің саудасы қызып тұр. Оның көрігіне көмір тастап жүргендер де сол өзіміздің қаракөздер. Ақбөкеннің мүйізінен қытайлықтар керемет дәрі жасап шығарады-мыс. Бір данасының өзін 8-10 мың, тіпті 15 мың теңгеге дейін сатып алатындар баршылық. Кезінде бір «өнертапқыштар» үйіне осы мүйізден киімілгіш жасаған ғой. Енді солардың бәрін бұзып алып, пұлдап жіберді. Боялған мүйізге дейін қытайлықтардың қапшығында кетіп жатыр... Одан кейінгі сауданың үлкені бүгінде ителгі құсты аулап, арабтарға сату «сәнге» айналды. «Қызыл кітапқа» енгізілген, сирек кездесетін құсқа араб ағайындар құмар екен. Құс саудасының саудагерлерінің айтуынша бұл құс теңіз түбінен маржан тереді-міс. Енді бір айтқыштардың әңгімесіне құлақ түрсек, аң аулауға құмар арабтар бұл құсты сол үшін сатып алады-мыс. Қайсысы шын, қайсысы өтірік, белгісіз. Белгілісі қылмыстық жауапқа тартылатынын білсе де осы құсты аулауға құмартушылар көп. Алды қолға түсіп, тиісті жазаларын алып та жатыр. Алайда аузы күйгенннен үрлеп ішуді үйренген бірі жоқ. Сұңқар тұқымдас құстардың ірі өкілі болып саналатын ителгі Қаратау мен Бұғыты, Сөгеті және Кіндіктау сияқты қыраттардың еңіс жерлерінде, Аңырақай, Байғара, Жамбыл, Хантау тауларының етегінде, Тарбағатай, Шыңғыстау, Алтынемел маңында көп кездесетін көрінеді. Бұл құсты аталастарынан ажыратып, тап басып тану да қиын екен. Арқасы күңгірт топырақ түстес келетін бұл құстың бауыр жағы қара дақтармен көмкерілген ақ сары болып келеді. Оны тек құсбегілер мен кәнігі аңшылар ғана ажырата алса керек. Қара базардағы нарқы 10 мың долларға бағаланатын құсты аулауға құмартушылардың «азартын» түсінуге де болатын сияқты. Бірақ заң атты қақпан бар екенін ұмытпаса екен дейсің. Онсыз да сиреп бара жатқан сұңқартұқымдастарды түбірімен жоқ қылып жібере ме деген қауіп те жоқ емес. Жуырда шымшаһардағы зообаққа 35 дана ителгі өткізілді. Өзбекстаннан Қазақстанға өтер шекарада контрабандашылар қағаз қораптарға салып алып өтпек болған кезде Шекара қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлерінің қырағылығының арқасында қолға түскен болатын. Ауа жетпей қиналған құстардың зообаққа өткізген кезде 20-сы өліп қалды. Қалған 15-ін бағып-қағу қиынға түсуде деп жергілікті телеарналар дабыл қаққан болатын. Осы жайлы білмек болып Шымкент мемлекеттік зоологиялық бағының директоры Сейдулла Жұбаевқа қоңыраулатқан едік. Ол кісінің жауабы былай өрбіді: «Бұл аса бағалы құстардың ендігі тағдырын сот шешеді. Бұл іс әлі тергеуде. Тергеу аяқталған жоқ.... Ал, құстар аш деген бос әңгіме. Өзімізде виварий бар. Онда тірі азықтар – қоян, теңіз шошқасы өсіріледі. Жылдан жылға бұл шаруашылығымызды дамытып жатырмыз. Қояндарымыздың саны 200-ге жетті. Соларды сойып, құстарға жем ретінде беріп жатырмыз». Сонымен сот процесі аяқталғанша құстар темір торда қамала тұрмақ. Ендігі сұрақ: бұдан өзге «сәнге» енетін қандай сауда түрі шығар екен?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста