Сандықтауда туризм қашан дамиды?

 Ақмола облысындағы Сандықтау ауданында туризм дамымай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Табиғаты тұмса өңірде небәрі 5 туристік нысан тіркелген. Келушілер қатары жыл сайын азайып барады.

 

Бірнеше жыл бұрын көрікті аймаққа жылына 2 мыңға жуық саяхатшы келетін. Қазір бұл көрсеткіш екі есе азайған.  Бұған не себеп?

 

Сандықтау – табиғаты көркем өлке. Бірақ мұны көбі біле бермейді. Бұл өңірде 10 шақты өзен-көл мен су қоймалары бар. Мұнда әсіресе, ну орман да көп. 80 мың гектар алқапты қайың мен қарағай алып жатыр. Ал, көрікті өңір облыс орталығынан 100, елордадан 360 шақырым қашықтықта орналасқан. Әйгілі Зерендіге тиіп тұр. Арасы небәрі 50 шақырым. Бірақ соған қарамастан мұнда туризм кенжелеп қалған.

 

Сандықтаудың тумасы Сергей Сузлецовтың айтуынша, бұған ең алдымен жолдың нашарлығы кедергі.

 

Сергей Сузлецов, турист:

 

- Мұнда көп адам Ресей жақтан келеді. Ал, Көкшетау мен Балкашино арасындағы жол нашар. Тегіс емес. Көлікте селкілдеп отырасың. Осыны көрген соң, әрине, ешкімнің келгісі келмейді. Сондықтан ең бірінші жолды жақсылап жөндеу керек.

 

Саяхаттағанды ұнататын Сергей қазір отбасымен Алматыда тұрады. Туған жеріне жыл сайын келеді.

 

«Бірақ мұндағы туризмде ілгерілеу байқалмайды», - деп қынжылады ол.

 

Айтуынша, аудандағы туристік нысандарда қызмет көрсету сапасы нашар. Бұл да саланың дамуына кері әсер етеді.

 

 

Сергей Сузлецов, турист:

 

- Білесіз бе, біздегі қызмет көрсету сапасы жоғары болса, мен оған қанша ақша сұраса да төлеуге дайын едім. Бірақ мұнда ол жоқ. Сосын жергілікті халық та өз табиғатымызға аяушылықпен қараса деймін. Бар нәрсені қиратпаса, өзен-көлдің жағасы мен орманның арасына күл-қоқыс төкпесе деген тілегім бар.

 

Сандықтау аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі жетекшісінің сөзінше, мұнда инвесторлардың да қызығушылығы шамалы. Осында жұмыс істеп жатқан бизнес өкілдерінің өзі бұл салаға қаржы құюға құлықсыз.

 

Мәселен, Балкашино ауылының іргесіндегі мына көлшікті жалға алып отырған кәсіпкер, былтыр одан бас тартқан. Су айдыны содан бері бос тұр. Ал, әлеуеті өте зор.

 

Наталья Дерягина, Сандықтау аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жетекшісі:

 

- Бұл су қоймасына инфрақұрылым қажет. Маңайын ретке келтіріп, түбін тазалау керек. Сөйтіп, қайық жіберіп, жағажай жасаса, кісілер де көптеп келер еді. Бірақ осының бәрін қолға алатын инвестор болмай тұр.

 

Ауданда туризмнің дамуына қолбайлау болып отырған тағы бір мәселе – мұнда саланы ілгерілетуге бағытталған бірде-бір бағдарлама жоқ.

 

Сәйкесінше, бюджеттен де бір тиын ақша бөлінбейді. Бірақ жергілікті жауаптылар «біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз, туристерді тарту үшін бар амалды жасап бағудамыз», дейді.

 

Наталья Дерягина, Сандықтау аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жетекшісі:

 

- Біз облыстық туризм басқармасы мен «ҚазИнвест» орталығына осындағы бос жерлер жайлы слайдтар өткіздік. Сол бойынша бір алматылық кәсіпкер және тағы бір астаналық инвестор келіп, ауданды көріп кетті. Сондай-ақ биыл Құмдыкөлге апаратын жолды жөндеуге құжаттар әзірленіп жатыр. Ал, 2023-2024 жылдары Приозерный ауылында 50 орындық демалыс орнын салу жоспарланған.

 

Маман тапшылығы да бұл саланың бір проблемасы. Қазір аймақта Бурабайдан басқа ауданның барлығында арнайы туризм бөлімі жоқ. Басқа мекеменің құрамында болғандықтан, туризмнің шаруаларымен айналысуға тек бір-екі маман ғана қарастырылған.

 

Андрей Подгурский, облыстық туризм басқармасының басшысы:

 

- Басқарма бұл сұрақты қазір көтеріп жатыр. Алдағы уақытта Зеренді мен Бурабайдан кейінгі туристік әлеуеті зор деген Сандықтау, Бұланды және Ақкөл аудандарында саланы дамыту концепциясы әзірленеді. Аталған мәселелер осы құжаттың аясында шешіледі деп ойлаймын. Одан бөлек, сол аудандардың әкімдеріне жергілікті бюджеттің 10-15%-ін туризмге бағыттауды ұсынбақшымыз.

 

Мұнда қысқы туризмді де қолға алуға болар еді. Себебі, Сандықтау – Владимир Сахнов бастаған атақты шаңғышылар мен биатлоншылардың отаны. Алайда, жергілікті билік қыстыгүні алыс ауылдарды қалың қардан тазалауға қауқарсыз.

 

«Оның үстіне сақылдаған сары аязда тур ұйымдастырудың шығыны көп», - дейді, мамандар.

 

Осылайша, қазір аудандағы туризмнің қай түрі болмасын жағдайы мәз емес. Былтыр мұнда небәрі 300 адам ғана келсе, биыл 600-ге жуық турист аяқ басқан.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста