Ресейдің қаржы жүйесі қысыла бастады. Біз не істейміз?

Ресейдің қаржы жүйесі қысыла бастады. Біз не істейміз?

Кеше Еуроодақ Ресейге қатысты әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамы саналатын SWIFT-тің қызметін пайдалануды шектеуді қарастырып отырғанын мәлімдеді. Әлемдегі 209 елдің 9000-ға тарта банктері мүше SWIFT қоғамының қызметінен шеттетілу – Ресей экономикасына ауыр соққы беретіні даусыз. Еуроодақ мүшелерінің өзі де әлемдік банкаралық қаржылық ақпарат алудан, халықаралық қаржылық аударымдар жүйесінен Ресей шеттетілер болса, бұл елді даурықтырып жіберуі мүмкін екенін жасырмайды. Ал бұған қатысты Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев «Еуроодақ мұндай шешімге бармайды деп сенемін. Егер шешім қабылданар болса, бұл нағыз қаржылық соққы болады. Сондықтан біз қандай жағдайға болмасын дайын болуымыз керек» деді.
Сөйтіп, қазір Ресейге әлемдік банкаралық төлем жасаудан ысырылу қаупі төнді. Ал мұның кері ықпалы қандай болмақ? SWIFT халықаралық аударымдар жүйесінің Қазақстанның экономикасында алар орны қандай? Көршінің бұл қызметтен шеттетілуі бізге әсерін бере ме? «Алаш айнасы» бүгін осы сауалдарға жауап іздеуді жөн көрді.
Жалпы, SWIFT қоғамының нарықтағы салмағын айтсақ, ең негізгісі SWIFT халықаралық ақша аударымын сенімді әрі тиімді, тез жіберу тәсілі. Әлемнің кез келген жеріне SWIFT жүйесіне қосылған банк арқылы шектеусіз сомада аударым жіберуге болады. Бұл әсіресе экспорт-импорт төлемдерін жасауға өте қолайлы қызмет түрі. Біз жоғарыда әлемнің 209 елінде 9000-ға жуық бұл қызмет түріне енгенін айттық. Сол тәрізді Ресейдің әрбір банкі бұл қызмет түрін пайдаланады. Әсіресе экспорт-импорт аударымдарын жасайтын банктерінде осы қызмет түрі терең жетілген. «Егер Еуропа Ресейді нақ осы қызметті тұтынудан шектейтін болса онда көрші елдің экономикалық дағдарысы тереңдей түседі» дейді мамандар.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
– Егер Ресейді SWIFT қызметінен ажырату іске асатын болса, салыстырмалы түрде айтсақ, мұны «кішігірім соғыс» десе де болады. Соғыс жағдайында ғана мұндай ақпарат алмасудан ажыратылады. Халықаралық төлемдер жүйесіне, халықаралық аударымдарға қатысты ақпарат алуға мүмкіндікті шектеу Ресейге ауыр тиеді. Бұл экономикалық жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Тек қана бұл қызмет түрінен ажырату Ресейдің ЖІӨ 5 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. SWIFT-тен Ресейді ажырату Ресей мен Еуропа арасындағы импорттық-экспорттық төлемдердің барлығына кері ықпалын тигізеді. Мұны ескергендіктен Еуроодақ қазір бірден Ресейге осындай шектеу енгізуге өзі де тіксініп отыр. Бұл арада Ресей «Еуропа мұндай қадамға бармайды» деп үміттенеді. Бірақ егер Ресей Украинаға қатысты көзқарасын өзгертпесе жағдай осыған дейін баруы ғажап емес.
Айта кету керек, бұған дейін Ресейде тек халықаралық төлем карточкаларына тыйым салынғаны белгілі. Естеріңізде болса, биылғы наурыз айында тек қана Visa мен Mastercard халықаралық төлем карточкаларына енгізілген шектеуден Ресейде бірнеше банк қызметін тоқтатты. Олардың ішінде сапалы техникалық құрал-жабдықтар сатып әлемге танылған Ресейдегі Ростенбергтерге тиесілі ірі қаржы институты СМП банкі де бар. Бұдан соң Ресей өз ішінде ұлттық төлем жүйесін енгізіп елдегі даурықпаны біраз басқан болатын.
Ал енді SWIFT қызметінің шектелу қаупі қазірде Ресей сарапшыларын қатты алаңдатып отырған жайы бар. Бұл ретте Ресейдің экономист-сарапшысы Валентин Катасанов «Бұл өте салмақты санкция. Бұл қызмет түрі арқылы елдегі ірі банктер ірі көлемді қаржы жіберіп қана қоймайды, ірі көлемді қаржы да алады. Сондай-ақ соманың аударымын тексеру үшін, қаражаттың нақты түскен түспегінін анықтау үшін де осы қызметті пайдаланады. Биылғы наурыз айында Visa мен Mastercard карточкаларына шектеу енгізілген тұста мен осыдан қорыққан болатынмын. 2012 жылы бұл санкция Иранға енгізілген еді. Қазір Иран өзінің халықаралық банктік аударымдарын Түркия, Кувейт, Катар арқылы өткізуде. Қазір бізге Орталық банктің сауатты шешімдері керек. Бұл жүйе арқылы экспорттық-импорттық аударымдар жасалады. Тіпті кез келген елдің елдің екінші бір елге білдірмеуі тиіс қаржылық құпия мәліметтері де SWIFT-те сақталған. Сондықтан бұл арада халықаралық саудаға қатысты жайттар болғандықтан өте салмақты шешімдер қажет» дегенді алға тартып отыр.
Ал енді бұл арада біздің еліміз нені ескергені абзал? Күні ертең Ресейге мұндай тыйым енгізілер болса, Иран тәрізді Ресей де халықаралық аударымдарын көрші әрі одақтас ел ретінде біз арқылы жасауы әбден мүмкін. Мамандардың пайымдауынша, мұндайда біз ескеру тиіс жайттар мынадай болуы керек:
А) Ресейдің Visa мен Mastercard төлем карточкаларына тыйым салынғаннан кейін Қазақстандағы Ресейдің банкі ВТБ Банкі (Қазақстан) халықаралық төлем карталарымен белсенді жұмыс істей бастады. Мұның өзі қазір елде Ресеймен біріккен халықаралық төлем карточкаларының бар екенін көрсетеді. Осыған сай бізге Visa мен Mastercard төлем карточкаларынан бөлек өз ішімізде ұлттық төлем карточкалар жүйесін құрған тиімді. Бұл қаржылық қауіпсіздік үшін қажет.
Ә) Болашақта бізге халықаралық төлем жүйесіне қатысты ашықтық қажет. Талаптар мен стандарттарды және оларға қатысты қолданылатын жүйелерді айқындау критерийлерін қоса алғанда Ұлттық банк өзінің қадағалау саясаты туралы ашық мәлімдеулері тиіс;
Б) Басқа ресми органдармен ынтымақтастық орнату кезінде заңға өзгертулер енгізілуі тиіс. Мәселен, «Ресей Федерациясының Орталық Банкі туралы» Федералдық заңға сәйкес төлем жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қадағалау Ресей Орталық Банкінің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сол тәрізді бізге басқа ресми органдармен ынтымақтастық орнатқанда Қазақстанның Ұлттық банкіне де қадағалау, бақылау міндеті кіретінін заң бойынша нақты көрсетіп алу керек. Бұл қаржы қауіпсіздігі үшін аса қажет.
Міне, халықаралық аударымдар мен төлемдер жүйесінде бізге ең қажеттісі осы. «Егер болашақта қаржылық қауіпсіздігіміз нығайа түссін десек, осы ұсыныстарға назар аударуымыз қажеттігі даусыз» дейді мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста