"Рахат" кондитерлік фабрикасы 500 жұмысшысын төленбейтін еңбек демалысына жіберді

"Рахат" кондитерлік фабрикасы 500 жұмысшысын төленбейтін еңбек демалысына жіберді

"Рахат" АҚ 500 жұмысшысы төленбейтін еңбек демалысына жіберілді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне компанияның маркетинг жөніндегі директоры, басқарма мүшесі Олег Плотников хабарлады.

"Олар еңбек демалысында, иә, 500 адам. Өйткені бізде Ресейдің салдарынан өндіріс бірден құлап қалды, яғни сатылымдар дереу құлдырады. Адамдарды біз жоғалтқымыз келмейді, сондықтан олар қазір (төленбейтін – ҚазТАГ) еңбек демалысында", - деп мәлімдеді Плотников дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.

Оның айтуынша, егер жағдай қалпына келсе, онда адамдар еңбек демалысынан шақыртылады.

"Рахат" АҚ-да барлығы 4,3 шақты адам жұмыс істейді.

"Қазір біздің жағдайымыз сол, барлық бағаны нөлге теңедік, біз де нөлде, қазір біз өндірістен пайда тауып отырған жоқпыз. Келесі кезең – "нөлге" де сата алмайсың", - деп түсіндірді Плотников.

Ол "табыс – кез келген бизнестің негізгі мақсаты" екенін баса айтты.

"Егер сізде пайда болмаса – болды, ол жабылып тынады. 4 мың адамды ұстап, оларды асыраудың қандай мағынасы бар, егер сенің түк табысың болмаса, айтыңызшы? Ал, не үшін? Фабриканы жабу керек", - деп есептейді "Рахат" АҚ топ-менеджері.

Ол нарық, демпинг маңындағы барлық пәлеқорлықтың алдын алған Беларусь билігін мысалға келтірді.

"Ол (Беларусь президенті Александр Лукашенко – ҚазТАГ) бүкіл бөлшектік сауданы міндеттеді – сөренің 70%-ы жергілікті өндірушілерге тиесілі болуы тиіс. Нүкте", - деп түсіндірді өз позициясын Олег Плотников.

Сонымен қатар ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отандық өндірушілерді қолдауға, атап айтқанда, сауда аумақтарын жалға алуға 1 млрд теңге бөлу туралы идеясына сенімсіздікпен қарайды.

"Құдай ақы, мейлі біз үшін жалға алсын, бірақ ол жетпейді. Касса маңындағы аймақтың қанша тұратын білесіздер ме? Касса маңындағы аймақ бір желі 100 мың теңге тұрады. Өзіңіз елестетіңіз, бізде Қазақстан бойынша "А" санатты 500 супермаркет бар. Әр супермаркетте 20 емес, 15 кассаны аламыз, 100 мыңға көбейтеміз және 12 айға көбейтеміз бұл дегеніміз – 9 миллиард теңге", - деп нақтылады Плотников.

Мұнымен бірге ол "А" санатты дүкендердің ішіндегі сөрелер туралы айтпай тұрғанын түсіндіре өтті. Аталған санаттардан бөлек Қазақстанда 37 мың дүкен бар.

"Егер бізге қазір үкімет өз өкімімізбен сіздердің сөрелеріңізді тіркейміз десе, әлбетте (адамдарды еңбек демалысынан қайтарамыз – ҚазТАГ)", - деп түйіндеді сөзін компания топ-менеджері. Оның мәліметінше, қаңтарда компания саудасы 20%-ға түскен, ақпанда – шамамен 35%-ға.

kaztag.kz

news.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста