Қылмыстық кодекстегі 195-бап неге жұмыс істемейді?

Қылмыстық кодекстегі 195-бап неге жұмыс істемейді?

 «Ұжым басшысы немесе жеке адам мойнындағы ірі көлемдегі қарызды, не болмаса несие берешегін төлемесе, қылмыстық жауапқа тартылады, оған 200-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, алты айдан екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады» делінген біздің Қылмыстық кодексте 195-бап бар. Алайда нақты өмірде бұл бап қолданылмайды, жұмыс істемейді. Өйткені оның басты екі себебі бар: біріншісі, істі сотқа бергені үшін жеке тұлға мемлекетке салық, қызметі айтарлықтай жоғары заңгерлерге пұл төлеуі керек, екіншісі, соттың істі қарау мерзімі ұзаққа созылады, соны пайдаланған қарызгер компания ақшасын басқа шотқа аударып, өзі елден ізін суытып үлгереді. Ал қаржы саласының маманы болмағандықтан, күрмеуі қиын қаржылық операцияларды тергеуге келгенде біздің құқық қорғау құрылымы мамандары қиналып қалады. Сондықтан ақшасын ала алмай жүрген адамдар да, құқық қызметкерлері де осы бапқа жүгінуге келгенде іждағаттылық таныта бермейді. Осы жағынан келгенде азаматтарымыздың құқығы белгілі бір деңгейде қорғалмайды. Міне, осы олқылықты түзеу бүгіндері коллекторлар нарығының еншісіне бұйырып отыр екен.
Кәмшат САТИЕВА

«Коллектор» сөзі бір нәрсені жинаушы құрал немесе нысан деген мағынаны білдіреді. Яғни қарызды жинап беруші қызметтің міндетіне қарызгер туралы барлық мәліметті жинау, тексеру, зерттеу жүктеледі. Сол мәліметтер бойынша олар сотқа дейін, не болмаса сотта өз қызметіне жүгінген азаматтың қарызын өтеуге көмектеседі. Коллекторлардың басты тұтынушылары – заңды тұлғалар. Біздің елімізде заңды тұлғаларға осы бағытта қызмет көрсетіп отырған, әзірге бір-ақ компания бар екен. Ол – «ЮСБ  Коллектор Қазақстан». Яғни, олар корпоративтік коллекторлар нарығының монополисі болып табылады. Сондықтан біздіңше, «ЮСБ Коллектор Қазақстан» қызметінің қымбаттығын (25 пайыз) нарықтағы бәсекелестерінің жоқтығымен түсіндіруге болады. Дегенмен бұл арада аталған компания қарыз қайтарымы бойынша тәуекелге ортақтасатындығын, өзінің қызметі үшін ақшаны алдын ала алмайтындығын, яғни қызметінің өн бойына өз ақшасын пайдаланатынын айта кетелік. Бұл қаржыдан қиналып, қарызын қайтара алмай жүрген заңды тұлғалар үшін ең қолайлы жағдай болып табылатындығы сөзсіз.

Ал коллекторлар қарызды қайтаруда басты екі құралға жүгінеді: біріншісі – атақ-беделі бойынша жауапкершілік, екіншісі – азаматтық жауапкершілік.

«Біздің компания атақ-абыройы бойынша жауапкершілікке тарту тәсіліне машықтануда. Біз қарызды өтеуден жалтарған компания немесе заңды тұлғаны бизнес-қауымдастық пен қоғам білуі керек деп есептейміз. Мұндай жағдайда біз қоғамды тек борышкер компаниядан ғана емес, сонымен қатар олардың құрылтайшысы, акционерлері, сонымен қатар жасырын ұсталатын қожайындары жайлы да хабардар етеміз. Өз тәжірибемізден көріп отырғанымыздай, атақ-абыройы бойынша жауапкершілікке тарту тиімді құрал болып табылады. Оны пайдаланудың арқасында жалпы сомасы 200 000 долларды құрайтын төрт жоба бойынша қарызды қайтаруда келісімге келе алдық», – дейді  «ЮСБ Коллектор Қазақстан» агенттігің басқарушы директоры Данияр Тенелов осы мәселеге қатысты кеше Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында.
Бүгіндері ресми емес мәліметтер бойынша Қазақстандағы ІТ нарығының пионері, компьютер техникасын жасап шығаруға маманданған – «Глотур» АҚ банкроттық жағдайда көрінеді. Алайда олардың бүгіндері жалға беріп отырған жылжымайтын мүлкі бар, Алатау ауданындағы ІТ паркі,  инвесторлары Сингапурдан болып табылатын басқа құрамдас компаниясы жұмыс істеп тұр. Бірақ коллекторларға арызданып келген адамға олар 10 000 доллар қарызды төлеуден бас тартып отыр екен. Сол секілді баспасөз мәслихатында бір жыл бойына қызметкерлеріне жалақы бермеген, тиесілі ақшасын бермей жүрген «Санита Форте» ЖШС, косметика саудасымен айналысатын швецариялық бір компанияның да аты аталды.

– Біз бұл компанияларды осы баспасөз мәслихатына шақырған болатынбыз. Оның ішінде «Санита Форте» ЖШС компаниясының өкілдері келді, олар ортақ мәмілеге келуге дайын екенін айтып отыр. Олар атақ-абыройына нұқсан келтіргісі келмейтін компания екенін осылайша дәлелдей алды деп айта аламын.  Ал нарықтағы танымал бренд – «Глотур» АҚ бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келмеген сияқты. Олар бір сөзбен айтқанда, өздеріне қызмет көрсеткен жеке тұлғаның таза еңбегін «жеп» отыр. Мүмкін осындай мәлімдемелерден кейін оларды орнынан қозғай алатын шығармыз. Әйтпесе «Глотур» АҚ секілді компания үшін 10 000 доллар ауыртпалық танытпауы тиіс, – дейді бұл ретте Д. Тенелов.

Көбіне қарапайым жұрт коллекторды берешегін төлемесе, қолында барын тартып әкететін басбұзар біреулер секілді көреді.  Алайда қазір адамның пұлын, ақысын жеп кету, қаржысы болса да соны пайда көріп, қасақана бермейтін алаяқтардың қатары көбейді. Олар үшін әлемдік қаржы дағдарысы деген де жақсы болды. Бүкіл мәселені соған сілтей салып, уақыт созып, өзінің құйтырқы мүддесін ақырындап жүзеге асыра беретіндерді бүгіндері заңымыздың өзі де ауыздықтауға шамасы жете бермейді. Сондықтан осындай күрмеуі қиын істі шешіп, кәсіби деңгейде мәселеге баға беретін коллекторлардың жұмысын қоғам дұрыс бағалауы керек деп білеміз.

Дерек пен дәйек
Бүгінгі таңда «ЮСБ Коллектор Қазақстан» коллекторлық агенттігі қоржынында  корпоративтік қарыздарды қайтару бойынша 5 миллион доллар сомасында 20-дан астам жоба бар. Компания мұндай көлемді игеруді 2010 жылдың аяғына межелеген еді. Сұраныстың артуына байланысты олар бүгінгі қоржын мөлшері сомасын 7 миллион долларға дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ компания аймақтарда сұраныстың артуына байланысты желілерін кеңейтпекші. Таяуда «ЮСБ Коллектор Астана» ЖШС құрылған. Енді олар Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде де өкілдіктер ашпақшы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста