Құс жастық жасау да қолымыздан келмейді екен...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтетіні белгілі. Көңіл күйдің көтеріңкі, денсаулықтың мықты болуы да түнгі ұйқының қанық болуына байланысты. Ал, ұйқының жақсы болуына төсек жабдықтарының қосар үлесі мол. Әсіресе жастықтың. Күн сайын киім ауыстырып киюді ұнатамыз, тамаққа да ақшаны аямаймыз. Алайда жастық сатып алуға келгенде тарынатынымыз жасырын емес. Бұрыннан қолданыста келе жатқан құс жастық бүгінде сәннен қалып барады.  Оның орнын түрлі синтетикалық өнім басты.
Синтетикалық қоспалары бар жастықтарды жаңа ғасырдың өнімі деуге болады. Олар жеңіл әрі гиппоаллергенді болып саналады. Силиконды холофайбер, комфорель қосу қазір кеңінен қолданысқа енген. Құс жастықтың жүні аллергия шақыруы мүмкін. Мамандар осылай дейді. Қытайдан әкелінетін құс жастықтардың толық тазаланудан өтпейтіндігін анық. Сасық иісі және бар. Құс еті мен қанының қалдығы уақыт өте келе шіріп, сасық иіске айналады. Осыған байланысты ма, әйтеуір қытай жастығының базарда бағасы төмен. Қаздың қауырсынынан жасалған жастықтар ең сапалы саналады. Бүгінде Германия, Австрия, Бельгияның өнімдері үлкен сұранысқа ие. Өйткені олардың өнімдері термикалық, антисептикалық, антибактериальды өңдеуден өткізіледі. Құс тұмауы белең алған тұста құс жастық жастанудың қауiптi екенiн еске салған Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының бұл ескертпесіне елең еткен ел жоқ. Өйткені  құс жастықпен ешкім де қош айтысқан жоқ.
Бүгінде базардағы ішіне жүн мен мақта аралас¬тырып салған жастық – 800, құс жастық 1 000 – 1 500 теңгеден сатылуда. 3 500-5000 теңге тұратындары да, тіпті одан да қымбаттары бар. Синтепон жастық пен құс жастықтың бағасында анау айтқандай айырмашылық жоқ. Алайда денсаулыққа пайдалы, қатерлі жағынан қып-қызыл айтыс ұйымдастыруға болады. Құс жастық аллергиясы барларға жақпайды дейді мамандар. Ал, қойдың жүнінен жасалған жастық ревматизмнен, бұлшық ет ауруынан азап шегетіндерге арналған. Бірақ жүн жастықтар көп пайдалануға келмейді. Мақта жастықтар аллергия тудырмағанымен тез басылып кетеді. Латекс, силиконнан жасалған ортопедиялық жастықтар радикулит, сколиоз дерттерінен арылуға көмектеседі. Сондай-ақ ұйқысыздықтан, қорылдан арылуға да пайдасы бар. Синтепон жастықтар аллергия тудырмайды. Мамандар жастықты 2 жыл сайын ауыстырып тұру керек деп кеңес береді. Өйтпеген жағдайда дерматит және аллергия болуыңыз ғажап емес. Аптасына бір рет қағып сілкудің де артықтығы жоқ. Ал, жүн жастықтардың иісі бар. Ол көп адамға жаға бермейді. Синтепон мен силикон жастықтардың қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Плюс жағы  тазалық сақтауға жақсы, үй жағдайында жууға ыңғайлы. Минус жағы уақыт өте қатаяды, ұйықтауға ыңғайсыз болады. Өн бойынан қауіпті заттар бөліп шығаруы мүмкін. Бүгінде оған фолофайбер қосылатын болған. Бұрын құрамында гиппоалергені бар заттар туристердің ұйқы қаптарына салынатын. Бірақ оны күн салқын уақытта пайдалану тиімсіз. Соңғы кезде экзотикалық үлгілер енгізіліп жатыр. Арпа және қара құмық «қалдығынан» жасалатын жастыққа құмартушылар аз емес. Олар жұмсақ, өте ыңғайлы, гипоаллергенді. Басты кемшілігі бағасында. Қымбат. Ортопедиялық жастықтарға да сұраныс мол. Жастықтар инфекция таратуы мүмкін. Соңғы кезде аллерголог мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Тұмау, туберкулез таяқшаларын таратуы мүмкін. Ол жастықтың өн бойында 6 айға дейін сақталады екен. Ал, егер химиялық тазалаудан өткізілсе де кейіннен онда  химиялық қалдықтар қалуы мүмкін. Аллерголог-иммуннолог дәрігерлердің айтуы бойынша дені сау адамның өзіне әсер етуі мүмкін. Иммунитеті төмен адамдарға тіпті қиын. Тіпті жоғары температурада тазаланудан өтпеген құс жастықтарда кененің «құрттары» болуы мүмкін көрінеді. Жай көзге байқалмағанымен оны арнайы құралмен 30-40 есе үлкейтіп қана көруге болады. Ол теріні тітіркендіреді, бактерия, «саңырауқұлақ» тудырады. Кене «құрттары» аллергенді болып келеді. Адам ағзасына аллергиялық реакция береді. Тіпті, дерматит, астма ауруына шалдықтыруы да мүмкін. Күнделікті басыңызға жастанып жүрген жастықтың да осыншама қауіп-қатері болады екен. Аллерголог-дәрігер, Мейрамгүл Әміреева: «Жастық таңдағанда өте абай болған жөн. Қандай да бір жақпас жағдай болса, тез арада жастықты ауыстырған дұрыс. Біреулерге құс жастық жақпайды, енді біреулерге синтепон жастық жақпайды. Сондықтан да ағзаны аурудан сақтау үшін дәрігермен кеңескеннің де артықтығы жоқ»... Бүгінде жер-жерде құс фабрикалары жетерлік. Жұмыртқа мен тауық етін өндірумен айналысатын кәсіпкерлер де баршылық. Олардың бірнешеуіне хабарласып құстың қауырсынын кәдеге жарататын, жаратпайтынын сұраған едік. Облыстағы ең ірі «Шымкент құс» АҚ –ның мамандары құс қауырсынынан жастық жасамайтындарын жеткізді. Оны жоғары температурада өңдеу мен тағы да басқа қиындықтары жетіп артылатын көрінеді. Отандық құстың еті мен жұмыртқасын жегенімізбен оның қауырсынын кәдеге жарата алмайды екенбіз. Сондықтан да шетелдік синтепоны болсын, силиконы болсын, құс жастығы болсын әзірге соларды місе тұтуға тура келеді. Тек олардың арнайы өңдеуден өтекенін не өтпегенін  біле алмайтынымыз ғана өкінішті...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста