Құбырға шабатындар құритын болды

Құбырға шабатындар құритын болды

Елімізде құбыр желісіне «ендеу» тәсілімен шикі мұнайды жымқыру жылдан-жылға көбейіп келеді. Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов бірнеше мәліметті келтіреді. Жуырда Қызылорда облысында қара алтынды ұрлауға құныққан топтың жолы кесілді. Ақтөбе облысындағы Қандыағаш бекетінде ұрлық мұнай тиелген үш «КамАЗ» Алматы мен Қызылорда тұрғындарына тиесілі болып шықты. Олар жалған құжатпен «қара майды» түу Қызылордадан батыс өңірге жеткізген.

С.Күсетов айтпақшы, мұнайды жападан-жалғыз қымқыру мүмкін емес. Демек, ұйымдасқан, тұрақты қылмыстық топтар әрекет етеді. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені үш-төрт жыл бұрын «ҚазМұнайГаз» мамандары мұнай қымқыруды зерттегенде, тосын қорытындыға келген. Ұрылардың әккіленіп алғаны сонша – машақаты көп «жұмысты» өзара бөлісіп алады екен. Бір бөлігі құбырды «оюға» маманданады. Екінші топ ұрлайды. Үшінші топ сатумен айналысады. Алда-жалда қолға түссе, бірінші топқа «құбырды зақымдады», екінші топқа «мұнай ұрлады», үшінші топқа қылмыстық жолмен алынған «өнімді сатты» деген іс «жапсырылады». Соған орай жаза түрі де жеңіл.

Құбыр желісіне қол сұғудың ауқымы мен мемлекетке келтіретін шығынды есептеу қиын. Құбыр тесудің нәтижесінде қоршаған ортаға тигізген зияны үшін ұлттық компаниялардың экологиялық төлемдері өседі. Оған құбыр арқылы қара майды айдауды тоқтатудан келетін шығынды қосу керек. Ойылған тұсты қалпына келтіргенше, отандық өнімді шетелге дер кезінде жеткізуге кедергі келтіретіні тағы бар. Оның үстіне, құбырға өз бетімен қосылу адам өміріне қауіп төндіретінін ұрлықшылар тіпті де ескермейтін тәрізді.

Мәліметтерге көз жүгіртсек, 2001 – 2004 жылдары «Қазтрансойл» АҚ мұнай желісінде бірде-бір ұрлық тіркелмесе, 2005 жылы құбырға 43 рет шабуыл жасалған. 2006 жылы 44 қымқыру әрекеті қоршаған ортаға шамамен 100 млн теңге шығын әкелген. 2007 жылы – 74, 2008 жылы – 131, 2009 жылы 148 ұрлық трікелген.

Демек, қолданыстағы заңның осы салада тәртіп орнатуға қауқары жетпейді. Ал көршілес Ресейдің Қылмыстық кодексінде мұнай құбырынан шикізат ұрлау қоғам мен қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырылады. Қытайда жалпыұлттық стратегиялық игілікке қол сұққандар өлім жазасына кесілетіні туралы заң бар. Бізде ондай қатал жаза жоқ.

Бірақ құбырға «шабатындарды» құрықтайтын күн алыс емес. Сәуірдің орта шенінде Мәжілісте көмірсутегі айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасының бірінші оқылымы кідіріссіз өткен еді. Мұнай және мұнай өнімдерін мемлекеттік бақылау құбыр желісіне шабуыл жасаушыларды тыйып, ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттарына заңсыз жолмен алынған өнімді сатуды шектейді.

19 мамырда Мәжіліс «Мұнай және мұнай өнімдері айналымы саласында мемлекеттік бақылауды күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасына өзгерістерді мақұлдады. Заң жобасының мақсаты – мұнай құбыры бас желісінен (магистралі) қара майды қымқыруға қарсы күресті күшейту. Шикізатты қарақшылық жолмен үптеу құбыр желісінің қауіпсіздігіне қатер төндіретіні өз алдына, елдің экономикалық мүддесіне, мұнай тасымалдау компанияларының мүддесіне нұқсан келтіреді. Сонымен қатар қара алтынды экспорттау тұрақтылығы бұзылып, еліміздің іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін де ұмытпаған жөн. Мәжіліс депутаты Николай Турецкий «Заң жобасы мұнай және газ құбырларынан шикі мұнайды ұрлағандарға қарсы бағытталады. Заңсыз жолмен алынған мұнайды сатып алушылар да жазадан құтылмауы тиіс. Сондай-ақ мұнай-газ құбырларын зақымдағаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған», – дейді.

Ұрлық өнім тек ел аумағындағы мұнай құю терминалдарына немесе мұнай өңдеу зауыттарына өткізілетіні белгілі. Бізде мұнай өңдейтін үш ірі зауыттан басқа салық мекемесінде тіркелген оннан астам шағын зауыт бар. Мамандардың айтуынша, терминалдардың қызметі лицензияланбайды. Сол дұрыс емес. Кезінде түсті металдар қабылдау бөлімшелерінде кесілген кабель табылса, лицензиясынан айыру жазасы қолданылған болатын. Сонда түсті металл ұрлығы сап тыйылған еді. Өнімін өткізе алмаса, несіне әуре болады? Мұнай қарақшыларының да жолын осылайша кесуге болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста