Қазақты суға жарытатын қуатты станса керек

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Күні кеше ғана БҰҰ сарапшылары Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «Орнықты даму жөніндегі» XVII сессиясында «ХХІ ғасыр – су тапшылығы белең алатын кезең» деген ақпарат таратты. Шетелдік сарапшылардың бағамдауынша, ХХІ ғасырда дүниежүзі елдері судың қадірін түсініп, тіпті су мәселесіне қатысты ірілі-ұсақты «алакөздік» пайда болуы да мүмкін. Осы ақпарат тарасымен Англия, Израиль, Жапония  тәрізді өркениетті елдер етек-жеңін қымтап, су мәселесін шешуге кірісіп те кетті. Олардың қазіргі ұстанып отырған бағыты – суды үнемдеп пайдалану технологиясын жете меңгеру.
Ал қазақтар ше?
Өзге ел осылай қам жасап жат­қан­да,  қа­­зақ­­тар су мәселесін шешуде не істеп жа­тыр? Бұл рет­те аталмыш «Ор­нықты да­му жө­нін­дегі» сессияда Қа­зақ елінің аты­нан сөз сөйлеген БҰҰ жа­нын­дағы елі­міз­дің тұ­рақты өкі­лі Бір­­ғаным Әйтімова Қа­зақ­стан­ның мұн­­­дай ша­ра­лар­ды еңсеруге өзін­­дік үлес қо­сып жат­­қанын,  мем­лекеттік қол­­­дау­­­дың ар­қа­­сында су  шар­уа­шы­лы­ғы сек­­то­ры да тұрақты да­мып келе жат­­қа­нын тіл­­ге тиек етті. Ал ақи­қа­тын­­да со­лай ма?
Жалпы, Қазақстанда ауызсу «дағ­да­­ры­­сы» бас­тал­ға­лы біраз уақыт бол­ды. Со­дан бе­­рі су тап­шылығын жою үшін бір­қатар бағ­дар­ламалардың жо­ба­сын жа­са­дық, да­бы­райтып тұрып «Су – тір­­ші­лік көзі!» де­ген қызылды-жа­сыл­­ды жар­­на­маларды кө­ше бо­йы­на алау­­латып-жа­­лау­латып іліп тас­т­а­дық. Ар­­на­йы заң қа­был­да­дық.  «Бі­рақ іс­те­ліп жат­қан ша­ралар­дың «сіркесі су кө­тер­мей», ха­лық­­тың игі­лі­гі­не жа­ра­май отыр­ған жайы бар», – дейді ар­нау­лы ма­­ман­­дар.
... Негізінде, ресми деректер бүгінде  ел­ді таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкі­мет та­ра­­пынан 120 миллиард теңгеден ас­там қаржы бө­­лі­ніп отырғанын көрсетеді.  Олар­дың ішін­де жо­балау-сметалық құ­рал­дары әзір тұрған, бірақ бө­лінген қар­­жы жет­пей, сырт қалған аймақтар да бар­шы­­лық. Мұндай аймақтардың зарын бес сау­­­сақ­тай білетін тиісті орындар жыл са­йын су­дан та­рық­қанды «суға жа­ры­та­мыз» деп сыр­ғыт­па уә­де бе­ру­ден жа­­лық­қан емес.
Не істеу керек?
Бағамдасақ, Қазақстан барлық ай­мақ­тар­мен трансшекаралық өзендер ар­қы­лы бай­ла­ны­сып жатыр. Қара Ертіске қы­тайлар көз тігіп отыр­са, Талас пен Шу­ға қырғыздар қы­зығады. Сыр­да­рия­ға өз­бектер емінеді. Осыдан кейін бізге су мә­­се­­лесін мықтап тұрып ойлану қажеттігін ұғы­на­сың.
Ал енді бұл мәселені шешудің түйіні бар ма? Бұл тұрғыда біз сауал қойған Ги­дро­гео­ло­гия және геофизика зерт­теу институты ди­рек­торының орын­басары, техника ғылымының док­торы, про­фес­сор Тимур Махмұтов:
– Мәселені шешу үшін, ең алдымен, же­рас­­ты суларын көбейткеніміз жөн. Ол үшін  біз тех­но­ло­гиялық жағынан қуатты бо­луы­мыз ке­рек. Біздің талай жыл бойғы зерт­теу­ле­­рі­міз су тап­­шы­лығын жоюдың бір­ден-бір көзі – суды үнем­ді пайдалануға бағытталған же­рас­ты құ­быр­ларын салу. Ағыл­шындар осы үрдіс ар­қы­лы хал­қын су тап­шы­лығына ұрын­дырмады. Бізде осы іске бағытталған тех­ноло­гия­лық жаб­дық­т­а­лу кем­шін. Егер біз суды үнем­ді пайдалану тех­но­­л­о­­гия­­сының ха­лы­қ­аралық бағыттарын иге­ре­тін бол­­сақ,  сор­таң жердің өзін сулы жерге ай­нал­­ды­­­рар едік. Қа­зір Қа­зақ­стан халқының 40 па­йы­­з­ы су тапшылығын көрсе, «бұл көрсеткіш үш жыл ішін­­де 48 пайыздан асып жығылады» де­ген бол­­жам бар. Сондықтан ауызсу бағ­дарламасына қа­­тыс­ты жобалар легін кө­бей­тіп, түрлі нысандар са­­ла бе­ру­ден пайда жоқ. Ол үшін Қазақстанда жо­­ға­ры технологиялық жаб­дықталған су электр стан­са­сын салу қа­жет, – дейді.
Сөйтіп, маман пікірі «технологиялық қуат­ты су стансасын салу керек» дегенге сая­ды. Тіп­ті, қайсыбір мамандар мұндай стан­салар са­луға өзіміздің қарымымыз жет­пе­се, бұл мін­дет­ті ше­телдік мамандар­ға жүк­те­ген­нің де ар­тық­шы­лы­ғы болмай­ты­нын алға тар­та­ды. 
Гәп қайда жатыр?
Негізінде, біз су тапшылығын жоюдың технологиялық жөн-жобасынан ақ­сап жат­­­­­­қа­нымен, су тапшылығының неден туын­­­дап отырғанын жақсы білеміз. Оның бас­­ты се­­бе­­бін ма­ман­дар бы­лай жік­тейді:
    а)    күннің күрт жылынуының әлемдік құбылысқа айналып бара жатқаны;
    ә)    тау басындағы мұздақтардың еріп, жер бетінде қалдықтың көбеюі;
    б)    суды тұтынушылардың үнемсіздігі;
    в)    қоршаған ортаның шектен тыс ластануы.

Осы төрт түрлі себептен су тапшылығы туындап отыр. Мұның тағы бір ас­та­рын гидрогеологтарымыз суды пайдаланатын өн­діріс орындарының аза­юымен бай­ла­ныс­­тырады. Бұрын каналдардағы артық су­лар­ды өндіріс орын­да­ры пайдаланып отыр­са, қазір олардың орнын ірілі-ұсақты кә­сіп­орын­дар ал­­мас­ты­рып отырғаны бел­гілі.  Ал каналға жиналған лас сулар қор­ша­ған ортаның бұ­зы­луы­на ықпал етуде.

Түйін
«Біз су сұрайтын кезеңге тап келдік. Күні ертең бұл көрсеткіш еселеніп кетпес үшін бейтараптықты қойып, су тапшылығын жоюға әрекет жасауымыз қажет», – дейді мамандар.
Рас, бүгінде су мәселесі төңірегінде тиісті орындар жаңашылдыққа ұмтылып, халықаралық межеден көрінуді мақсат тұтып, халықты жаппай «суға жарытуға» талпынып-ақ жүр. Қазірде елде су тапшылығының алдын алу мақсатында су электр стансаларын салу жұмысы басталып та кетті. Ендігі міндет – самарқаулыққа салынбай, «қазақты суға жарытады» деген сол су электр стансаларын технологиялық қуатты, заманға сай әлеуетті етіп сала алсақ болғаны да...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста