Қазақстанның сиырлары суалып кеткен бе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Төскейінде төрт түлікті төлдеткен қазаққа әсте құрғақ сүтті пайдаланған жараспаса керек-ті. Әрине, қолдан сауылған құнарлы сүт тұрғанда құрғақ ұнтақты алып, ақымақ болыппыз ба?Табиғи сүт тапшы болғаннан кейін шетел асып келіп жатқан құрғақ сүтті алуға мәжбүрміз. Сарапшылар еліміздің құрғақ сүт бойынша импортқа тәуел­ділігі 97%-ды құрап отырғанын айта­ды. Тапшылық тек қалада ғана емес, бүгінде ауылдар да сиыр сүтіне сусап отыр. Ертеректе ауылда ағарған деген сатылмайтын. Әрбір үйі сиыр ұстап, айран, сүтті қанып ішіп, құрт-майымен дастарқанын жайнатып келген далалықтар бүгінде көрші-қолаңнан бір кесе сүтін сатып алып ішуге дағдыланып бара жатыр.
Бұл күндері ауылда тұрып, мал ұстамайтын қазақтың сылтауы көбейді. «Жайылым жоқ» дейді, қораға түсетін ұрылардан қорқады. Әй­теуір, түрлі себептермен тігерге тұяғы жоқтар да ауылда тұрып жатыр.
Алайда сарапшылар Қазақстанның сүт өнім­де­рімен ішкі сұраныстан бөлек, 150 мил­лионнан аса халқы бар үштік – Кедендік одақтың 25%-ын қамтамасыз етуге қауқары бар дегенді айтады. Ол үшін ауылдардан сүт қабылдау мен оны өңдеу орындарын ашып, асылтұқымды сүтті сиырларды өсіруді, шаруашылықтарды ірілендіруді қолға алу керек. Әйтпесе Корея мен Сингапурдан жет­кізіліп, Ресей арқылы бізге экспортталатын құрғақ сүттен әсте құтыла алмасымыз анық. Құр­ғақ сүтті шайға, түрлі пісірілімдерге, тіпті кейбіреулер бала­­лардың ботқасына да қосып отырады. Айт­қандай, жуырда Мәжіліс депутаты Дариға Назар­баева дүкенде сатылып жатқан сүт өнімдерінің сапасына алаңдаушылық білдірді. Ғалымдардың пікірін алға тартқан Дариға ханым құрғақ сүтті пайдалану түрлі сырқатқа шалдық­ты­ратынын айтты. «Бюджеттік мекемелер болса, оларды көптеп сатып алып, балабақша, мек­теп­тер мен ауру­ханаларда қолданады. Осыдан кейін ұлт денсаулығы туралы қандай сөз қозғауға болады?» деп налыды халық қалаулысы. Бүгінде нарықта сүт өнімдерінің 27 түрі саудаланады. Оның 8 түрі шетелден әкелінеді. Отандық өндірушілер ара­сында да құрғақ сүттен өнім шығаратындары бар. Сондықтан депутат жауапты тұлғалардан дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдерін қатаң қадағалауға алу­ды сұрады. Жайбарақат отырған Ауыл шаруа­шылығы мен Денсаулық сақтау министрлігін шұ­ғыл шараларды қолға алуға шақырды.
Көршілердің дабылы!
Көрші Ресей өз халқының ден­сау­лығына алаңдап, құрғақ сүттің дабылын қа­ғып жатқанына біраз уақыт болды. Олар дү­кенде сатылатын сүт өнімдерінің ара­сынан ағзаға қатерлі улы заттарды тауып, мұн­дай өнімдердің бәрін тиісті сарап­та­мадан өткізуде. Меламин деп аталатын ұнтақ күнделікті тұтынатын сүт өнімдерінің арасынан табылып жатыр. Химиялық қоспасы көзге ақ ұнтақ түрінде шалынатын осы меламин дегеніңіз, шынтуайттап кел­ген­де, кәдімгі пластмасса жасайтын ұнтақ­тың өзі екен. Бұл сүтке қосылғанда оның кө­лемі ұлғаяды, дәмі аздап өзгергені бол­маса, таза сүт сияқты әсер береді екен. Бүгінгі таңда Ресей сарапшылары зерттеп-зеделей келе, осы қатерлі өнімнің аса кең көлемде таралып кеткенін анықтап отыр. Көршілер оны анықтап қана қоймай, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шұғыл шараларын да қолға алып жатыр. Олар құрамында меламині бар өнімдердің бәрін нарықтан алып тастау туралы шешім қабылдады.Осындай шұғыл шараларды әлемнің басқа да бірқатар елдері қабылдай бастады. Жақында ғана Еуроодақ құра­мын­да құрғақ сүт ингредиенті бар бала­ларға арналған кез келген Қытай өнімін бір­лескен елдерге алып келуге тыйым салды. Осы тектен-тек жасалып отырған шара ма? Ал Ресейдің бас санитарлық дә­рі­гері құрғақ сүтке қатысты барлық Қы­тай­да өндірілетін азық-түлік атаулыны елге әке­луге тыйым салуда. Қазір Ресейдің бір­қатар қалаларында, атап айтқанда, Ха­ба­ров­скіде және Томскіде Қытайдан жет­кізілген құрғақ сүт өнімдері тәркіленіп жатыр. Таяуда ғана Хабаровскіде осындай 2 тонна құрғақ сүт табылды. Бүкіл Ресей елі бойынша қазір ірі қалаларда арнайы тексерістер жүруде.
Лаура БАЙҚОНЫСОВА, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының ОҚО бойынша департаментінің ғылыми қызметкері:
– Құрғақ сүттің сақталу мерзімі табиғи сүтке қарағанда жоғары және то­ңа­зыт­қыш­та сақтауды қажет етпейді. Алайда дұ­рыс емес жағдайда (жоғары ылғалдылықта және қоршаған ортаның жоғарғы тем­пе­ратурасында) сақталған құрғақ сүттің та­ғамдық құндылығы төмендейді. Құрғақ сүттің басты кемшілігі – оның май­лы­лығында. Ол қаныққан май қышқылдарына жата­ды. Нәтижесінде құрғақ сүтті артық мөлшерде пайдаланған жағдайда белок, май, көмірсу алмасуы бұзылуына және де май­дың мөлшерінің жоғары болуына бай­ланысты холестериннің түзілуіне алып келуі мүмкін.Халықаралық стандарттарға сәйкес, сүтті термиялық өңдеудің бірнеше түрлері бар. Атап айтқанда, төменгі темпе­ра­ту­рада, орташа және жоғарғы тем­пе­ратурада сақтау. Төменгі термиялық өң­деу­ден өткен құрғақ сүттің құндылығы жо­­ғары болады, мұндай сүт «төменгі тем­пературада өңделген сүт» деп аталады.

Артық болмас білгенің... 
Статистикалық мәліметтерге қара­ған­да, біздің еліміздің әр тұрғыны ша­ма­мен жылына 260 литр сүт өнімін пай­даланады. Салыстырып көрсек: Фран­ция және Германия тұрғындары – 430 литр, Скандинавия елдерінде сүт тұтыну 500 литрден асады. Қазақ­стан­дық­тар қышқылдар мен минералдарға бай, ағзаны дәруменмен қамтамасыз ететін құнарлы өнімді өзгелерден екі есе аз пайдаланады екен.
Статистикалық деректерге сү­йен­сек, жылына біздің бір сиыр 2 мың литр сүт береді екен. Салыстыру үшін айт­сақ, әлемдегі ең сүті мол голштин сиы­рының көрсеткіші – 5-7 мың литр.
1 л сүттің бағасы:
Астана – 200 теңге, Алматыда – 150 теңге, Шымкентте – 120 теңге, Көкшетауда – 124 теңге, Атырауда – 167 теңге, Өскемен – 110 тенге, Ақтауда – 230 теңге, Қызылорда – 128 теңге.

Керек дерек 
Қазақтар құрғақ сүтті қалай дайындаған?
Құрғақ сүтті біздің ата-баба­ла­ры­мыз осыдан бірнеше ғасырлар бұ­­рын ешқандай сүт зауыт­та­рын­сыз-ақ қарапайым тәсілмен жа­са­ған екен. Небір қиын-қыс­тау, жау­гершілік-зобалаң уа­қыт­тарды бас­тан кешірген хал­қы­мыз ел ше­тіне жау шапқанда қа­зақтың үде­ре көшке дайын, жүк­тері түюлі, етек-жеңі түрулі, тү­йелері қом­дау­лы болған. Міне, осындай кездерде кө­ген тартып, қой саууға, бұзау са­лып, сиыр сауу­ға еш мүмкіндік болмағаны бел­гілі. Ағарған сұрап қың­қыл­даған балаға құрғақ сүтті қай­наған сумен араластырып беріп, қоректендіріп отырған. Майлары қарында немесе бүйенде, құрт­та­ры қоржында болған қазақ сүттің де ебін тапқан. Ол үшін соғымға со­­йылған түйенің мойнақ те­рілерін жи­нап отырған. Сол те­рі­лерді қы­рып, күйдіріп әбден та­за­лаған да қа­зандағы сүтке салып қай­натқан, бұл қайнату қазан үл­кен­дігіне қа­рай екі-үш күнге со­зылатын бол­ған. Содан сүт әбден қою­ланып, бу­ға айнала отырып қа­зандағы мой­нақ теріге (құй­қаға) жабысып те­рі қалыңдай бе­реді. Сүт тау­сылған кезде құйқаны қазаннан шы­ғарып алып, кептіріп сақтап қоя­тын болған. Міне, қы­сыл­таяң шақ туғанда сол теріден ала­қандай кесіп алып, үстіне қай­наған су кұйғанда кәдімгі сүтке айналып шыға келген. Біздің дана әжелеріміз балғын­да­рын жау­гер­ші­лікте де сүтсіз қал­дыр­маған екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста